Қоғам • 26 Қараша, 2025
Биыл Астанада күз мезгілі әдеттегіден жылы болып тұр. Алғашқы қар кеш түсті, дедектетіп, дегбіріңді қашыратын аязды күндер де бастала қоймады. Бір қызығы, қарашада түскен қар 10 күн тоқтамай, бір айлық нормадан асатын жауын-шашынды үйіп-төгіп бере салды. Қолайсыз ауа райына қарамастан қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар күшейтілген режімге ауысып, түнгі уақытта да тыным таппай еңбек етті.
Руханият • 26 Қараша, 2025
Қоңыр дауысы құлағымнан кетпейді
Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының өлеңдерін бала күнімнен құмартып оқыдым. Алайда айтулы тұлғаны алғаш жүзбе-жүз бұрынғы Президент мәдениет орталығынан көрдім. Онда мен «Мәдени мұра» журналында істеймін. Ол кісі де сонда қызмет атқарды. Кабинетіміз қатар орналасқан. Күнде сәлем беремін. Мінезі ашық, алды кең адам. Кейде бөлмесіне шақырып, әңгімеге тартады. Жаңа өлеңдерін оқиды. Кейін С.Сейфуллин музейіне директор болып барды. Сонда қарамағында істедім. Осы жылдары ағалы-інілідей өте жақын араластым.
Спорт • 26 Қараша, 2025
Қарасайлық көкпаршылар дара шықты
Қарасай ауданында Алматы облысы әкімінің кубогіне арналған ересектер арасындағы командалық көкпар лигасының «Батыс өңірлік кезеңі» өтті. Салтанатты іс-шара шымылдығы ұлттық би ансамблі мен жергілікті өнерпаздардың ұлттық рухты аспандатқан концерттік бағдарламасымен басталды.
Ғалам ғажаптары • 26 Қараша, 2025
«Lumia» компаниясы алты жылдық зерттеуден кейін ерекше денсаулық гаджетін ұсынды. Пішіні кәдімгі сәнді сырға. Ал гаджет қан айналымын өлшей алатын шағын зертхана ретінде жұмыс істейді.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Атырау облысында қараша басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші өсіп тұр. Мәселен, 1–20 қараша аралығында ЖРВИ жұқтыруға байланысты 32 мыңнан астам дерек тіркелді.