Қоғам • 22 Қараша, 2025
Ұлы ақын ұрпағы сая тапқан қала
Биыл елімізде дана Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті. Ақынның туған жері Семей өңірімен қоса республиканың әр аймағында ұлы ойшылдың мерейтойы тойланды. Шымкент қаласы да солардың қатарынан қалмай біраз іс-шараны республика деңгейінде ұйымдастырды. Оның ішінде «Абай әлемі» мен «Абай оқулары» байқауларын айтып өтуге болады. Мегаполисте Абай Құнанбайұлы атында үлкен саябақ бар. Сол саялы мекен төрінен 2009 жылы «Хакім Абай» деп аталатын музей ашылған.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жерлестеріміз табысты өнер көрсетіп жатыр. Джиу-джитсу сайысында Серік Алдияр чемпион атанды. 69 кг салмақта бағын сынаған отандасымыз финалдық тартыста саудиялық Мохаммед Хурайминаны айқын басымдықпен жеңді. Серіктің жеңісті сапарын Мариан Журавлева жалғады. 70 кг салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан белдесуге шығып, финалда палестиналық Даниа Обейдті оңай ұтты.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, Шымкентте «Еңбек өмірдің тұтқасы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда мыңнан астам жұмыс беруші екі мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды.
Спорт • 22 Қараша, 2025
22 қарашада Қатардың бас шаһары Дохада UFC-дің кезекті турнирі өтеді. Сол кеште аса жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Бекзат Алмахан испаниялық Александр Топуриямен айқасады.
Спорт • 22 Қараша, 2025
«Ұлы дала жорығы» – бірлікке бастар бірегей жоба
Қостанай облысында «Amanat» партиясы мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өткен халықаралық ат марафоны – «Ұлы дала жорығы» спорттық іс-шара емес, нағыз рухани, мәдени және патриоттық бірегей жоба. Іс-шара ұлы ақын һәм «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.