Білім • 22 Қараша, 2025
Шетелдегі қазақ ғалымдары: интеллектуалдық өрістің жаңа көзі
Төрткүл дүниенің әр шетіне тарыдай шашылған қазақтардың біразы еліміз тәуелсіздік алған соң тарихи отанға ат басын бұрды. Алайда дамыған мемлекеттерде білім алып, сонда қызмет істейтін қандастардың көбі шетелде еңбек етеді.
Айбын • 22 Қараша, 2025
Әскери медицина – қорғаныс саламаттылығының негізі
Әскер сапындағы әрбір сарбаз үшін мықты да мінсіз денсаулық – Отан алдындағы жауынгерлік міндетін адал да талапқа сай атқарудың алғышарты. Күнделікті жаттығу, қатаң тәртіп, ауа райының құбылмалы жағдайлары, физикалық жүктемелер мен тактикалық тапсырмалар жоғары дене дайындығы мен темірдей төзімді талап етеді. Сондықтан денсаулықты күту, дұрыс тамақтану мен тұрақты медициналық бақылау – әскери өмірдің ажырамас бөлігі.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Жапонияның «Kusanone» (Шөп тамыры) гранттық бағдарламасы өңірлерге көмек беруді жалғастырып жатыр. Осы ретте олар Шығыс Қазақстан облысының аутизм дертіне шалдыққан балаларға қаржы бөлді.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
ТМД жастары байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада «ТМД-ға арналған 100 идея» халықаралық жастар байқауы өтті. Финалдық кезеңде Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның кіл талантты қатысушылары инновациялық жобаларын таныстырды.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Армян ағартушысы атындағы көше ашылды
Астанада армян халқының ойшылы әрі ағартушысы Месроп Маштоцтың атына көше берілді. Ол елорданың сол жағалауындағы Қабанбай мен Тұран көшелерінің ортасында орналасқан. Ұзындығы – 750 метр.