Спорт • 20 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында грек-рим күресінен сынға түскен Ислам Евлоев күміс медальды місе тұтты. Финалдық тартыста әлем чемпионы Иран балуаны Голамрезе Фаорхиден жығылды.
Руханият • 20 Қараша, 2025
Қуаныш, қорқыныш, сағыныш, реніш – барлығы жүрек ырғағына бірден әсер етеді. Халықаралық кардиология орталықтарында жүргізілген зерттеулер эмоция жүрек соғысын 5 секунд ішінде өзгертіп жіберетінін көрсеткен. Жүрек – ең алдымен сезімге жауап беретін жүйе, ал сезім өзгерсе, жүрек те сол сәтте жауап қайтарады.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының президенті лауазымынан үміткер. Бүгінде World Boxing ұйымы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметінде бокстың қарқын алып, қарыштап дамуына елеулі үлес қосып келеді. Дүниежүзіндегі әуесқой бокстың екі тізгін бір шылбыры жерлесімізге бұйырса қанеки!
Спорт • 20 Қараша, 2025
Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиада аламанында спортшыларымыз орасан олжаға кенеліп жатыр. Сайыстың алғашқы аптасында-ақ еншілеген алтын медаль саны жөнінен тарихи нәтиже көрсетті.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Қала дамуына қарқын қосқан жобалар
Шымкентте инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларындағы елдің әлеуметтік тұрмысын жақсарту мақсатындағы тапсырмасын орындау қарқынды іске асырылып жатыр.