Қоғам • 20 Қараша, 2025
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. Осы даталы күн аясында 10 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Шымкентте «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында арнайы акция өтіп жатыр. Іс-шараны ұйымдастырушы – қалалық ЖИТС орталығы.
Руханият • 20 Қараша, 2025
Сарайшық – Ұлы дала тарихының куәсі
Атырауда «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Симпозиумға АҚШ, Жапония, Әзербайжан, Қырғызстан мен Ресейден келген ғалымдар, археологтер, тарихшылар, музей ісінің мамандары мен өлкетанушылар қатысты.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Алматы облысы, Кеген ауданының ақсақалдары спортпен айналысуды айнымас дәстүрге айналдырған. Соның жарқын көрінісі Алғабас ауылында оқу ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Кеңесбек Молдабаевты еске алуға арналған ардагерлер арасында волейболдан турнир өтті.
Білім • 20 Қараша, 2025
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойы жақындап қалды. Іргетасы сонау 1936 жылы қаланған көне мекеменің тарихы да ерекше. Әуелінде сол кездің ыңғайына сай 30 орындық мекеме жертөледе ашылған екен.
Руханият • 20 Қараша, 2025
Қуыршақ труппасына театр мәртебесі берілсе...
Серке Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық драма театры жанындағы Қуыршақ труппасына биыл қырық жыл толды. Бұл өнер ұжымы тұңғыш рет 1985 жылы Жезқазған облыстық Қуыршақ театры болып құрылып, есігін Вадим Коростылевтің «Доктор Айболит» спектаклімен айқара ашты.