ЖОЛДАУ • 20 Қараша, 2025
Жасанды интеллект – жаңаруға бастар жол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық елге айналдыру жөніндегі ауқымды міндет барлығымызға үлкен жауапкершілік, болашаққа зор сенім сыйлады. Президенттің бұл прогрессивті идеяны әлемнің ең басты мінбері – БҰҰ-ның төрінен жариялауы еліміздің жаһандық үрдістен тыс қала алмайтынын көрсетті. Президент атап өткендей, жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің бүгінгі күнде ұлттық басымдығына айналып отыр.
Саясат • 20 Қараша, 2025
Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары
Астанада «Amanat» партиясының кубогіне арналған «Amanat сup» XХIІI республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. «Жастар рухы» қанаты мен «Qazaq debate» қозғалысы ұйымдастырған сайыста ел аумағындағы үздік спикерлер анықталды.
Саясат • 20 Қараша, 2025
Жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау талабы күшейтіледі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, заң жобалары қаралды. Сондай-ақ жиында елдегі түйткілді мәселелер көтеріліп, бірқатар депутаттық сауал жолданды.
Саясат • 19 Қараша, 2025
Әлемдік БАҚ: Орталық Азияның жаңа дәуірі
Егемендік туын көтеріп, еңсесін тіктеген Қазақ еліне әлемнің алпауыт державаларымен тең дәрежеде қатынас орнатып, көпвекторлы саясатты ұстану – стратегиялық таңдаудың бір парасы ғана. Сонымен қатар тарихы тамырлас, діні мен тілі жақын, құдайы көрші бауырлас халықтармен байланысты нығайтып, өзара сенім мен сыйластықты тереңдете түсу – мемлекетіміздің өркендеуі мен өңірлік қауіпсіздіктің аса маңызды тірегі.
Басылым • 19 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған мемлекеттік сапарын әлемдік БАҚ жарыса жазды. АҚШ, Батыс медиа кеңістігінің бірқатары еліміз бен Ресей арасындағы қарым-қатынасты сөз ете отырып, Қытайды да кірістіріп өтеді. Сондай-ақ сирек металдар мен атом энергетикасына қатысты келісімдерге басымдық береді. Орыс, түрік, қытай, өзбек басылымдары екі ел арасындағы көршілік қатынас, экономикалық байланыстарға баса тоқталады. Десе де, барлығы да екі ел басшысы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық орнатумен қатар, олардың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы одан әрі тереңдей түсті деп қорытындылайды.