Қоғам • 19 Қараша, 2025
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қоғам парызы
Алматы қаласында күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – мұқтаждық пен мүгедектігі бар жандарға қарайласу, әлеуметтік тұрғыда қолдау танытып, түйткілді жайттарды реттеп отыру. Мегаполисте мұқтаж азаматтарға 17 түрлі әлеуметтік көмек түрі қарастырылған. Осы іске жауапты мекемелер әлеуметтік осал топтарға қолдауды күшейтіп, цифрлық қызметтерді көптеп енгізіп жатыр.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Өңдеуші өндіріске инвестиция тарту мүмкіндіктері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыру бағытында Ақтөбе облысында ауқымды істер қолға алынған. Облыс экономикасын әртараптандыру, импортқа тәуелділікті азайту мен өңдеу өнеркәсібін дамыту – өңір үшін стратегиялық басымдыққа айналып отыр.
Білім • 19 Қараша, 2025
Білім келешегі – Абай мен Ахмет тіліндегі мектеп
Алматыда ата-аналардың наразылығын туғызған мектеп дауы әлі шешілген жоқ. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында қаланың Бостандық ауданында салынған №224 мектеп жарғысына сәйкес мемлекеттік тілде ашылуға тиіс еді. Алайда наразы топ білім ордасының аралас мектеп болуын талап етіп отыр. Балаларын ана тілінде оқытқысы келетін ата-аналардың дені бұған үзілді-кесілді қарсы. Мектеп тапшылығынан балаларын қашыққа тасып қажыған олар қазақ тілінде ашылуын қалайды.
Жастар • 19 Қараша, 2025
Жаңа буынның жасампаз бастамасы
Бүгінде шетелде білім алып, кәсіби тәжірибеден өткен қазақ жастарының саны жетіп артылады. Бірі – мемлекеттің «Болашақ» бағдарламасы арқылы, енді бірі – табандылығы мен өз қаражатына сүйеніп қанат қақты. Осы азаматтардың арасында жиған-терген ой қазынасын туған елдің өркендеуіне жұмсаймын деп саналы түрде оралғандар бар.
Медицина • 19 Қараша, 2025
Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі
Қарағанды облыстық №2 көпсалалы ауруханасында өңір медицинасы тарихындағы айтулы оқиға болды. Мұнда алғаш рет электродсыз кардиостимуляторды имплантациялау операциясы сәтті өтті. Бұл – жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарын емдеудегі жаңа буын технологиясы, науқастардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған заманауи шешім.