Театр • 12 Қараша, 2025
Кішкентай көрермен үшін тамаша жаңалық! Мемлекеттік қуыршақ театры 13 қараша күні Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі «Менің атым – Қожа» шығармасын алғаш рет қуыршақ бейнесінде сахналап, көпшілік назарына ұсынады. Қойылым режиссері – Еркебұлан Қабдыл.
Үкімет • 12 Қараша, 2025
Инфляцияны тұрақтандыру – басым бағыт
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті. Кеңес барысында негізгі тауарлар бағасының өзгеру тенденциялары және олардың инфляция деңгейіне әсері қаралды.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Атырау облысында Қарашүңгіл аталатын қорым бар. Дәл осы қорым маңындағы кен орнынан алғаш қазақ мұнайы алыныпты. Ал Қарашүңгіл атауы қайдан шыққан?
Көрме • 12 Қараша, 2025
Отырар өркениетінен жеткен сый
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде орта ғасыр өркениетінің қазығы саналатын Отырардан табылған тарихи мұралар көрмесі ашылды. «Ұлы Жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым мен өркениеттің сабақтастығы» атты бұл шараның ерекшелігі – Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығында жинақталған жәдігерлер жұртшылыққа ұсынылды.
Әдебиет • 11 Қараша, 2025
Букер-2025: Давид Салайдың «Тән» романы туралы не білеміз?
2025 жылғы Букер сыйлығының лауреаты британ-венгр жазушысы Давид Салай атанды. Жазушы беделді марапатқа «Тән» яки «Flesh» романы үшін ие болды. Қазылар алқасы «айрықша құбылыс» деп бағалаған туындыны біз де зерделеп көрдік, деп жазады Egemen.kz.