Медицина • 11 Қараша, 2025
Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы, басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды.
Экономика • 11 Қараша, 2025
Он айдағы нәтиже: Ішкі жалпы өнім өсімі 6,4%-ды құрады
Үкімет Президенттің тапсырмаларын іске асыру аясында басым салаларды қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және инвестиция тартуға басымдық бере отырып, сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге күш салып отыр. Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 6,4%-ға артып, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда едәуір жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Бұл өсімге әсіресе өнеркәсіп саласының қосқан үлесі қомақты.
Қоғам • 11 Қараша, 2025
Жергілікті органдардың дербестігін күшейту маңызды
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі – елдің демократиялық дамуының маңызды тірегі. Осы бағыттағы жаңа заң жобасы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуына кең жол ашуға тиіс. Алматыда Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның төрағалығымен өткен Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның кезекті отырысында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Медицина • 11 Қараша, 2025
Анықталуы ұзақ, асқынуы тез дерт
Алматыда шашыраңқы склерозға қарсы VII халықаралық түркі конгресі өтті. Невропатологтер қауымдастығы мен С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ұйытқы болған жиынға түркітілдес елдердің невропатологтер қауымдастықтары да мүдделестік танытты. Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, басқа да түркітілдес елдердің 300-дей жетекші дәрігерінің басын қосқан ғылыми форумға онлайн форматта бес мыңға жуық адам қатысты.
Медицина • 11 Қараша, 2025
Жапондар өткізген шеберлік дәрісі
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жапондық жетекші мамандардың қатысуымен операциялық эндоскопия жөнінде халықаралық шеберлік дәрісі өтті. Ауқымды шара еліміз медицинасының дамуына, хирургия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес болды.