Ұстаз • 11 Қараша, 2025
«Табиғат математика тілімен сөйлейді» депті ғұламалар. Бұл саланың ауыр да жауапты екенін он адамның тоғызы сеніммен айта алады. Дегенмен оның сол табиғаттың өзі секілді тылсым жағы бізді қызықтырады. Ал енді математика ғылымына ұлт құндылықтары арқылы барған адам көп пе? Ойланып қаламыз. Сондай азаматтың бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымы, профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты Асқар Байарыстан.
Қоғам • 11 Қараша, 2025
Әлемнің әр қиырында тіршілік кешіп жатқан, тіпті өмір сүру салты бір-бірімен мүлде қабыспайтын адамдардың өзін жақындастыратын қуатты күш – ізгілік тілі. Ұлт пен дін, тіл мен ділге тәуелсіз, бүкіл адамзаттың ортақ құндылықтарын дәріптейтін осы иірім бүгінде әдеби шығармалар арқылы өріс ала бастады.
Шымкент • 11 Қараша, 2025
Шымкенттің Орталық саябағында қалалық полиция департаментінің бастамасымен және шаһар әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті. Іс-шарада көркем туындының алғашқы бөлімі таныстырылды. Ашық аспан астында үлкен LED-экран арқылы премьераны тамашалауға бес жүзден астам бала жиналды.
Тұлға • 11 Қараша, 2025
Қастерлі қазақ күй өнерінің мәуелі бір бұтағы – Жетісу күйшілік дәстүрі дер едік. Бұл «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты іргелі еңбекте тайға таңба басқандай көрсетіліп, ол туындыларға, орындаушыларға молынан орын берілген. Ақиқатына келсек, бұрын бірлі-жарым күйшілердің аты аталғанымен, жүйелі зерттеле қоймаған еді. Күй атасы Құманғазымен тағдырлас Қожеке Назарұлы бастауында тұрған саңлақтар сапқа қосылды. Олар: Сыбанқұл, Рақыш, Қосдәулет, Омархан, Тілеміс, Шаңия, Шіде, Ыбырайымхан, Ясын, Таласбай, Оразақын, тағы басқалар. Бұлардың бәрі де «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» кітабына енгендер.
Шымкент • 11 Қараша, 2025
Адамзат өркениетінің темірқазығы
Биыл ұлы ойшыл, ғалым Әбу-Насыр әл-Фарабидің туғанына – 1155 жыл. Осыған орай Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» атты республикалық ғылыми-көпшілік конференция өтті. Аталған жиын ғалымның рухани мұрасын насихаттауға арналды. Оған қала әкімдігі қолдау көрсетті.