Өндіріс • 11 Қараша, 2025
Өнеркәсіп өңірдің өндірістік әлеуетін арттырады
Автомобиль өнеркәсібі – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Бүгінде елімізде автокөлік құрастыру көлемі артып келе жатқанымен, қосалқы бөлшектердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан автоқұрастыру зауыттарын отандық өнімдермен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.
Аймақтар • 11 Қараша, 2025
Жетісу облысында діни ахуал тұрақты. Облыстық дін істері басқармасы тиісті мекемелермен бірлесе нақты іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Облыс басшылығы тарапынан бұл салаға ерекше қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, Ақмола облысынан – 2, Алматы облысынан – 6, Ақтөбе облысынан 3 кәсіби маман өңірге қызметке келді.
Спорт • 11 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті. Құттықтау сөздер айтылып, көрермендер театрландырылған қойылымдарды тамашалағаннан кейін қатысушы 57 мемлекеттің спорттық делегациясы сап түзеді. Салтанатты шарада еліміздің туын ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы мен дзюдошы Аруна Жангелдина ұстап шықты.
Теннис • 11 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта WTA-ның қорытынды турнирі аяқталды. Жарыста бақ сынаған еліміздің ең үздік теннисшісі Е.Рыбакина асқан шеберлігімен миллиондаған көрерменді тәнті етіп, бас жүлдені олжалады. Еленаны осынау толайым табысымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы құттықтады.
Шаруашылық • 11 Қараша, 2025
Балқаш ауданында «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында күріш жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ала жаздай күтіп-баптаған ақ маржанды ысырапсыз жинап алуға қажетті барлық ауыл шаруашылығы техникасы толық жұмылдырылған.