Экономика • 08 Қараша, 2025
Теңге бағамының қаржы нарығына әсері
Қаржы нарығында кейінгі кезде байқалған оң өзгерістердің бірі – ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамының нығаюы. Қаржы сарапшылары бұған қатысты әртүрлі болжам жасайды, бірі Ұлттық банктің тиімді әрекеті десе, енді бірі бұл уақытша құбылыс екенін айтады. Қалай дегенмен теңге бағамы базардағы бағаға әсер ететіндіктен, қарапайым халық та ұлттық валютаның жағдайына бейжай қарамайтыны анық.
Digital • 08 Қараша, 2025
Цифрландыру саласындағы серпін
Елімізде 10 қараша Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні ретінде бекітілген. Салада табанды еңбек етіп жүрген мамандардың арқасында цифрландыру бағытында нәтижелі еңбектер баршылық. Кейінгі жылдары Қазақстан IT-индустрияны дамытуда айтарлықтай серпіліс жасап, экономиканың жаңа драйверіне айналып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылы елдегі IT-компаниялардың саны 16 пайызға өсіп, 18 683-ке жеткен. Бұл көрсеткіш саланың кеңейіп, инновациялық жобалардың артып келе жатқанын аңғартады.
Қоғам • 08 Қараша, 2025
Жастардың 85%-ы ел болашағына сеніммен қарайды. Мұндай қорытындыны Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген республикалық сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр.
Ұстаз • 08 Қараша, 2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында пайдалануға берілген жеті білім ошағының бірі – Сазды орта мектебі. Жаңа салынған білім ордасының 646 оқушысы бұл күндері заманауи жабдықталған биология, география, информатика, физика, химия, STEM, роботтехника кабинеттерінде оқып жатыр.
Ғылым • 08 Қараша, 2025
Абайтану – ұлттанудың темірқазығы. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, С.Садуақасұлы сынды Алаш тұлғаларынан бастау алған, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Қ.Мұхамедханұлы, Ы.Дүйсенбаев, т.б. еңбектерімен жалғасып, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметұлы, Р.Сыздық, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ж.Ысмағұлов, т.б ғалымдар зерттеуімен байыптала түскен абайтану жаңа белеске көтерілді. Аға буынның абыройлы жолын дамытып жүрген кейінгі ізбасар ғалымдар ішінде ҚазҰПУ-дың Абай ғылыми зерттеу институты директоры Жабал Шойынбет те бар.