Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025
Жақында Парламент «Жасанды интеллект туралы» және онымен байланысты ілеспе заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл заң – еліміздің цифрлық даму бағытын нақты құқықтық негізге көшіру жолындағы маңызды қадам. Заң 7 тараудан, 28 баптан тұрады. Құжатта «жасанды интеллект», «жасанды интеллект жүйесі», «модель», «деректер кітапханасы», «синтетикалық нәтиже» сияқты ұғымдарға алғаш рет ресми анықтама берілді. Бұдан өзге қандай бағыттар қамтылды, шолып шықтық.
Қоғам • 08 Қараша, 2025
Әлеуметтік көмек майшелпек емес
Ата заңымызда атап көрсетілгендей, еліміздің ең қымбат қазынасы – адамдарды әлеуметтік қорғауға баса назар аударылып келеді. Мәселен, 2010 жылы 221,8 мың аз қамтылған отбасыға 35 млрд теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілген болса, биыл осындай 242 мың отбасыға 132 млрд теңге бөлінді. Алайда АӘК алушылардың арасында мемлекет қамқорлығын майшелпек көріп, масылдық пиғылдан арылмақ түгіл, әлеуметтік алаяқтыққа ұрынып жүргендер де бар. Бұған қоса, әлеуметтік жеңілдік алу жолында некелерін заң жүзінде бұзып, іс жүзінде бұрынғыша бірге тұрып жатқан жалған ажырасушылар да аз емес.
Заң мен Тәртіп • 08 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейінгі Жолдауларында прокуратураның жұмысын жандандыруға бағытталған міндеттер мен межелері аз болмады. Соның ішінде инвесторларды сүйемелдеу, отандық кәсіпкерлерді заңсыздықтан қорғау, азаптауларға тосқауыл қою, шетке кеткен активтерді елге қайтару сияқты қадау-қадау тапсырмалардың жүктеліп, ол бойынша іргелі істердің атқарылғанына жұртшылық куә. Ал биылғы Жолдау Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін жүктеп отыр. Осындай ауқымды жобадағы прокуратураның рөлі қандай? Көпшілік көңіліндегі сауалдарға Түркістан облысының прокуроры Мұрат ТІлеубердиевпен болған сұхбатта жауап іздеп көрген едік.
Әлем • 08 Қараша, 2025
С5+1: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқан саммит
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтон қаласында өткен «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты.
Саясат • 08 Қараша, 2025
Қазақстан – АҚШ: Әлеуетті әріптестікті нығайтуға ниетті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді. Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді.