Денсаулық • 31 Қазан, 2025
Айрықша балаға қолдау көрсетеді
Аутизм ауруы – жүйке дамуының бұзылуы, аса күрделі, әлі генетика тұрғысынан да, психология тұрғысынан да толықтай зерттелмеген күлбілтелі тақырып. Бүгінде бұл құбылыс халық арасында кеңінен танылып, оған себеп ретінде бір тарап оны генетикалық ауру ретінде сипаттаса, екінші бірі мұны адамның ішкі жай-күйімен байланыстырып, ахуал ретінде қабылдайды. Кейінгі кезде аутизм қоғамда жиі сөз болып, көп қозғалатын мәселенің біріне айналды.
Университет • 31 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Үкіметке инженерлердің жаңа буынын тәрбиелеу жөнінде тапсырма берген еді. Осыған орай С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінің филиалы жұмысын бастады. Еліміздің жастары «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнай мен газдың табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» мамандықтарында білім алады. Бұл білім беру бағдарламаларының трансферін қамтамасыз етіп, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыруға жол ашады.
Маман • 31 Қазан, 2025
Елімізге өз ісінің шеберлері керек
Білікті мамандар – елдің экономикалық қуатын арттыратын, технологиялық серпін беретін стратегиялық ресурс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытқа басымдық беріп отыр. Ол биылғы Жолдауында шетелдегі талантты қазақ мамандарын ғана емес, ұлтына қарамай, әр салаға үздік шетелдік мамандарды тарту қажет екенін атап өтті. «Шетелден елімізді дамытуға үлес қоса алатын мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту – өте маңызды міндет. Олардың Қазақстанда қалуына жағдай жасау керек. Себебі бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек», деді Президент.
Талбесік • 31 Қазан, 2025
Қазіргі таңда еліміздің орнықты дамуының басты бағыты – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту екені мәлім. Бұл міндет, әсіресе, Батыс Қазақстан өңірінде ерекше маңызға ие. Өйткені Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары табиғи байлыққа бай болғанымен, экологиялық тұрғыдан осал және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы күрделі жағдайды бастан өткеріп отыр. Осыған орай «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы: кешенді талдау, концепция, болжамдық бағалау және сценарийлер» атты ғылыми бағдарлама қолға алынып, жасыл даму қағидатына сәйкес кешенді зерттеу жүргізіліп жатыр.
Жасанды интеллект • 31 Қазан, 2025
Елордада «Қазақстан – академиялық білім аумағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Ауқымды іс-шараға білім, ғылым, инновация саласындағы әлемдік көшбасшылар, отандық сарапшылар, жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің басшылары қатысты. Жиында жасанды интеллектінің оқу жүйесіне енуі, трансұлттық білім беру мүмкіндігі, академиялық ұтқырлықты арттыру, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ «AI-sana» жобасы аясында әзірленген үздік стартаптар марапатталды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – елімізді өңірлік білім хабы ретінде таныту және академиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру.