Мәселе • 31 Қазан, 2025
Құм басқан жер, мұң шаққан жұрт
Аспантау аясындағы ауыл тұрғындарының дені малды кәсіп қылып, жерден нәпақасын теріп, жан бағады. Шабындық жерлерден мал азығын дайындайды, дәнді дақылдар мен көпжылдық шөп, картоп егеді. Жер болса, жекенің меншігінде. Қырық құрақ қып «қиып» алған ұлтарақтай жерін күтіп-баптап, одан мол әрі сапалы өнім алу оңайға соқпайтыны белгілі. Себебі қыс ұзақ, көктем кеш келетін таулы өңірдегі суармалы жерлердің жанға батар түйінді мәселесі жылдар бойы шаруалардың жанайқайына айналғанын айтып, Райымбек ауданында туып-өскен, осы өңірдің өркендеуі жолында табан тоздырып, маңдай терін сіңірген зейнеткер, «Жаса» шаруа қожалығының жетекшісі Есен Қонаев ақсақал редакциямызға хат жолдады.
Жасанды интеллект • 31 Қазан, 2025
Жасанды интеллект және архив мұрасы
Халықаралық архивтер кеңесі (МСА) Бас ассамблеясының президенті Жозе Кирпс «ICA Barcelona 2025» Конгресі аясында өткен жиында Қазақстан Республикасы Президенті архивінің стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.
Сұхбат • 31 Қазан, 2025
Райхан Оңғарова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: Болат Аюхановтың есімін ұрпақ ұмытпаса екен...
Қазақ сахналық би өнерінің негізін қалаушы Болат Аюхановтың дүниеден озғанына үш жылға жуық уақыт өтті. «Алматының Жас балеті» би театрын құрып, ұлтымыздың еуропалық ақсүйек өнерді игеруіне даңғыл жол салған тұлғаның есімін ұлықтау – баршаға ортақ парыз. Осы орайда Болат Аюхановтың зайыбы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, хореография саласының ардагері, доцент Райхан Оңғаровамен әңгімелескен едік.
Мәдениет • 31 Қазан, 2025
Ұрмалы аспаптармен мақтана аламыз
Жақында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тапсырмасымен Астана қаласында аспаптар орталығы ашылды. Министр орталыққа көне аспаптарды жаңғыртып, дамытып жүрген Азамат Бақияны алдырып, ғимаратын, қаржысын, т.б. мәселелерді реттеп, қазақ өнеріне үлкен қамқорлық жасап отыр.
Ғалам ғажаптары • 31 Қазан, 2025
Халықаралық деңгейде 32 мың адамның қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижесі адамдардың жылтыр тауарларға 72% қымбат төлеуге дайын екенін көрсетті.