Президент • 25 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Республика күні құтты болсын! Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Бақытжан Оразалиев: «Заманауи кітапхана оқырманға қолайлы жағдай жасауымен ерекшеленуі керек»
Александр Пушкин көшесінің бойында кітап арқалаған жастардың қарасы қалың. Олардың көбі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының тұрақты оқырмандары. Жаңа технологиялармен жабдықталған, кітап қоры бай бұл руханият ордасы бүгінде білім іздеген жастардың бас қосатын орнына айналған. Кітап ісінің жаңа бағыттары, оқырман мәдениетінің өзгеруі және цифрлық дәуірдегі оқу үрдісінің ерекшеліктерін сұрап білу үшін кітапхана директоры Бақытжан Оразалиевпен сұхбаттасқан едік.
Ғалам ғажаптары • 24 Қазан, 2025
600 роботты жұмысқа қабылдайды
Әлемдегі ең ірі электрондық коммерция алпауыты «Amazon» алдағы он жылда қойма жұмыстарын жаппай автоматтандыруды көздеп отыр. 600 мың жұмыс орнын роботтарға бермек.
Ғалам ғажаптары • 24 Қазан, 2025
АҚШ армиясы ауадан таза су өндіретін инновациялық технология жасап шығарды. Жоба бойынша үшжылдық зерттеу және тәжірибелік келісім «AirJoule Technologies» компаниясымен жасалған.
Ғалам ғажаптары • 24 Қазан, 2025
Әлемдегі ең жылдам пойыз жолға шығуға дайын. Сынақтың соңғы кезеңі ғана қалды. Қытай инженерлері жасап шыққан пойыздың жылдамдығы сағатына 453 шақырым, яғни қазіргі қолданыстағы жылдам пойыздардан 100 км/сағ-қа жоғары.