Республика күні • 24 Қазан, 2025
Құқық үстемдігі – егемендіктің сара жолы
Мемлекеттік егемендік туралы декларация – аса маңызды елдік құжат. Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда әлемге танылған еліміздің тәуелсіздік негізі тап осы кезеңнен бастау алды. Декларация республикамыздың ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше айқындау, ресурстарға иелік ету, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын алғаш рет заңды түрде бекітіп берді.
ЖОЛДАУ • 24 Қазан, 2025
Көші-қон ағыны: бағалау мен байыптау
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «Еңбек нарығын, көші-қон мәселесін реттеу саласында есепке алудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Бұл жағдай осы саладағы болжау жұмысының сапасына және шешімдердің тиімділігіне кесірін тигізеді. Үкімет ел ішіндегі және шетелдегі көші-қон ағынының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық жүйе енгізуге тиіс», деп атап өтті.
Архив • 24 Қазан, 2025
Шерхан Мұртазаның «Егеменде» сақталған мұрасы
Халық «намыс найзағайы» деп бекер айтпаса керек. Екі көзін Ақсу-Жабағылының барысындай қадап, тарғыл мұртын тікірейтіп, қақпақ жауырынын күжірейтіп, шамырқана шатынай, қыранша саңқылдай сөйлегенде қазақ баласы дүрілдете қол соғар еді. Ал жазғанда халқының арын арлап, жоғын жоқтаған көсемсөзі оқырманның көкірегіне қона кетіп, сай-сүйегін сырқырататын-ды. Бірақ бір сәт ойланайық. Ол бұл биікке қалай жетті? Әлбетте, оңай жеткен жоқ. Кемелдікке жетер жолдың шырғалаң һәм шытырман, қиыр да қиын соқпағынан өтті. Қаламгердің осынау бейнетті бел-белесінің бедері қойындәптері мен түрлі жазбасында сақталған.
Білім • 24 Қазан, 2025
Инклюзивті білім мен тәрбиенің үйлесімі
Бүгінде елімізде ерекше қажеттілігі бар балалар саны 240 мыңнан асады. Осы бағытта іске асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар олардың қоғаммен ықпалдастығын, білімге қолжетімділігін көздейді. Алматыда өткен Инклюзивті білім берудің І Дүниежүзілік конгресінде инклюзиялық қоғам құрудың келелі мәселелері талқыланып, әлемнің 40-тан астам елінен келген сарапшылар тәжірибесімен бөлісті.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Елдікті айшықтаған ерекше құжат
Еліміздің өз алдына ел болғанын дәлелдейтін құжаттардың бірі әрі бірегейі – Мемлекеттік егемендік туралы декларация. Саяси құжаттың сипатын айқындайтын нақты бір құжат түрі қандай болу керек екенінен бастап, қандай заңдар қамтылатыны, Президенттің өкілеттілігі секілді мәселелерді енгізу сол кездегі заңгерлер мен қоғам қайраткерлеріне оңайға түспегенін қазір тарихшылар айтып келеді. Ең бастысы, бұл саяси құжат кеңестік заңдардың күшін жойып, тәуелсіздік жолына қарай бағыттады.