Шаруашылық • 22 Қазан, 2025
Жетісулық шаруалар тәтті түбірден басқа дақылдарға орақ салды. Биыл 130 мың тонна картоп жиналуға тиіс. Осы күнге дейін қамбаға 240,6 мың гектардан дәнді дақыл түскен. Оның ішінде бидай мен арпа толық аяқталды. Астық жинауға 10,7 мың трактор мен 1 009 комбайн жұмылдырылған.
Таным • 22 Қазан, 2025
Мұрагерліктің қандай міндеті бар?
Заңгер Алмаз ОТАРОВ жауабы: – Көп адам мұра туралы естісе, бірден пәтер, көлік, ақша деп ойлайды. Расында, мұра кей жағдайда материалдық тұрғыдан үлкен көмек болуы мүмкін. Бірақ менің тәжірибемде материалдық байлықтан бөлек мәселе өте көп. Себебі ол тек активтерден ғана емес, қарыздар мен міндеттемелерден де тұрады.
Тұлға • 22 Қазан, 2025
Өз дәуіріндегі әйгілі сыбызғышы, танымал күйшінің бірі – Сармалай. Оның азан шақырып қойған аты – Садық болса да, орыс байының шаруасына жегілгендіктен, жұрт оны Сармалай деп атап кетіпті.
Әдебиет • 22 Қазан, 2025
«Ібіліс биі»: үміт пен адам тағыры
Жақында ғана Нобель сыйлығын қанжығалаған мажарстандық жазушы Ласло Краснахоркайдың әлемге танымал романы «Ібіліс биі» – әдебиет пен философияның үйлесімінен туған ерекше туынды. Автор бұл шығармасында белгілі бір би ырғағын еске түсіреді. Осы бір тұйық әрі беймәлім құрылым романның ішкі әлемін, ондағы кейіпкерлер тағдырының мәнін айқындайды. Кейіпкерлер үміт қуған сайын күйзеліске көбірек түседі, қашқан сайын сол баяғы басталған жеріне қайта оралады. Қазақтың «дүние – дөңгелек» деген бір ауыз сөзінің қандай ғаламдық философияға айналғанын еске түсіріңіз.
Әдебиет • 22 Қазан, 2025
Қазақ туралы тәжік қаламгерлері не жазды?
Тәжікстанның әдебиеттану ғылымында Атахон Сайфуллаевтың есімі көпшілікке жақсы таныс. 1933 жылы Худжанд өңірінде туып, 2017 жылы дүниеден озған қаламгер қазақ әдебиеті һәм жазушылары туралы бірнеше еңбек жазған. Сол еңбектерінің ішінде 1956 және 1963 жылдары жарық көрген екі мақаласы көзімізге оттай басылды.