«Таза Қазақстан» • 22 Қазан, 2025
Екібастұз қаласында ауқымды көгалдандыру акциясы өтті. Экологиялық іс-шараға билік өкілдері, қоғамдық, жастар ұйымдары өкілдері, депутаттар, кәсіпорын қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Әлем • 22 Қазан, 2025
«IQAir» швейцариялық компаниясы жыл сайын әлем елдерінің ауа сапасына зерттеу жасап, есебін жариялайды. 2024 жылдың есебіне сәйкес Финляндия – Еуроодақтағы ең таза ел. Оны әлемдік рейтингте тек Исландия ғана басып озды. Олардан бөлек, Эстония, Швеция, Аустралия үздік бестікке енді. Ал Қазақстанда ауа сапасы орташа деп бағаланып, еліміз бұл рейтингте 138 елдің ішінде 71-орында тұр.
Экология • 22 Қазан, 2025
Каспийдің экожүйесі алаңдатады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Каспий теңізінің тартылуы мәселесін ерекше атап өтті. Түйткілді шешу мақсатында Каспий маңы мемлекеттері арасында бірлескен бағдарлама жасаудың маңызына тоқталып, ғылыми-зерттеулерге басымдық беру керектігін айтты.
Руханият • 22 Қазан, 2025
Иә, жаны күміс, көңілі дәйім көктем шуағын төгіп, күлкісі күмістей сыңғырлауынан жазбай келе жатқан әріптес ардагер, қанаттас қаламгер досымыздың Күмісжан деген аты да затына сай. Бір байқағаным, басқа мамандықтарды қайдам, дәл осы біздің журналист қауымы арасындағы достық, бірлік, тілектестік пен ынтымақ берік болады, ұзағынан сүйіндіреді. Өзімнің де Мамадияр Жақып, Сауытбек Абдрахманов, Қайсар Әлім, Сүлеймен Мәмет, Тілеуқабыл Мыңжасар, т.б. журналистика саңлақтарымен достығымыз, тілектестігіміз көп жылдан бері көңіліме тоқ, жаныма жайлау. Міне, Күмісжан Байжан әпке досымыз да осы қатардан табылғалы қашан.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Таяуда Алматыда Нұр-Мүбарак университетінде Қазақстанның дін ғұламасы, 20 жыл ел қазиятын басқарған тұлға, аудармашы, ақын, рухани сала тарихшысы Садуақас Ғылманидың (1890–1972) перзенті, кеңес заманының қиын жылдары әке мұрасын үзіліссіз насихаттаған Үкіжан (Мүмина) Садуақасқызы (1923–2024) ұрпаққа аманат еткен «Өмірімнен ескерткіш» атты кітабының тұсаукесері өтті.