Табиғат • 18 Қазан, 2025
Қазан айының үшінші жексенбісінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл күн – табиғаттың байлығын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету жолында еңбек етіп жүрген бейнеткеш қауымға деген құрметтің белгісі. Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, табиғаттың тынысы, тұрғындардың тіршілік көзі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тал егу, орманды алқаптарды сақтау, ұлғайту ісіне ерекше назар аударып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жақын жылдары еліміздің орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады.
Саясат • 18 Қазан, 2025
Сенат төрағасы ТүркПА Бас хатшысымен дидарласты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті. Тараптар күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударып, ТүркПА аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі арттыру тетіктерін талқылады.
Президент • 18 Қазан, 2025
Сын сағаттағы қайсарлық үлгісі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы бейбіт күннің батырларына шынайы ризашылығын білдіріп, азаматтық қорғау саласының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерекше екенін атап өтті.
Жасанды интеллект • 18 Қазан, 2025
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен, Бас редакторлар клубының қолдауымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі журналистика мен медиакоммуникация парадигмалары: теориялық және практикалық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қоғам • 18 Қазан, 2025
Біз бұл ғалымды Астана мен Мәскеудің алқалы жиындарынан жиі көреміз. Ол – тарихы терең Мәскеу мемлекеттік облыстық педагогика университеті көркемсурет және графика факультеті басшысының бірі әрі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры. Астанада жиі аялдайтын жері – Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Ұлттық музей, т.б. мәдени мекемелердің көркемсурет галереясы. Мұнда шәкірттерінің сурет көрмесіне келіп, еліміздің жаңа өнеріне баға береді. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2005 жылдан 2010 жылға дейін жемісті қызмет атқарды. Қазір отандық бейнелеу өнеріндегі есім-сойы елге белгілі Жалын Бауырхан, Талғат Амандық, Саят Саманбек, Айсұлу Алмасбай сынды суретшілерді даярлады.