Жасанды интеллект • 18 Қазан, 2025
Жасанды интеллект, әдебиет және біз...
Адамзат баласы жаралғалы бері өмір де, сол өмірдің өзін ақ қағазға кестелеуі тиіс сөз өнері де бір орында іркіліп, бірер сәтке де дамылдаған емес. Әдебиет арқырап аққан өзен сынды замана туғызған танымды өз иіріміне тартып, тың көзқарас пен жаңа түсініктер туғызып, көлденең кедергіні бұзып-жарып жөңкіліп келеді. Бұл ағынды жасанды интеллект бөгемей ме?
Тағзым • 18 Қазан, 2025
«Өткен тірлік – әрі шындық, әрі аңыз»
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденов – қазақ поэзиясында өзіндік өрнегін қалыптастырған ақын. Оның «Өмір» деген өлеңі бар. «Өмір, өмір, өмір деген – бір ғажайып бәйтерек, Бәйтерекке түн де керек, күн де керек, ай керек. Сол теректі паналаған балапансың сары ауыз, Сол теректе өткен тірлік – әрі шындық, әрі аңыз» деп басталатын бұл өлеңді 1961 жылы жазыпты.
Шымкент • 18 Қазан, 2025
Шымкент – еліміздегі республикалық қала мәртебесі берілген үш мегаполистің бірі. Шаһар өз алдына отау тіккелі үлкен жаңғыртуларды бастан өткеріп жатыр. Ол, ең алдымен, қала инфрақұрылымының дамуына қатысты. Қала аумағы шеттен қосылған Түркістан облысы аудандарының ауылдары есебінен ұлғайған соң, барлық елді мекенге коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым тарту мәселесі алға шықты.
Таным • 18 Қазан, 2025
Өнер иелері табиғатынан шығармашылық зертханасын көрсетуге әуес болмайды. Ақын-жазушылар шығармасын қалай дүниеге әкелгенін, оны жаратуда қандай көркем әдістерді қолданғанын айта бермейді. Бұл қасиет күйшілерде де бар.
Ғалам ғажаптары • 18 Қазан, 2025
Өзіңді танысаң, әлемді танисың. Аңдап қарасақ, ақиқат – алақанымызда екен. Ел аузындағы айқындықты айтқанда, «бес саусақтай білу», «алақанға салғандай» деуі де ежелгі түсініктен шықса керек.