Инфографика • 17 Қазан, 2025
Цифрландыру көші-қонды оңтайландыра түседі
Көші-қон саясатын оңтайлы жүргізу бүгінгідей жұмыс күші тапшы өңірлер үшін аса маңызды. Сыртқы һәм ішкі көштің түйткілді түйіні тарқатылып, өзекті мәселелер шешіліп келеді. Ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшін нығайту мақсатымен еңбеккерлері тапшы өңірлерге көштің басын бұру да жолға қойылды.
Құқық • 17 Қазан, 2025
Жазасын өтеушілер жұмысшы мамандығын меңгереді
Сотталған адамдар да – қоғам мүшесі, уақытша шектелгенімен олардың да құқы сақталады. Оның үстіне арасында қылмыс әлеміне кездейсоқ қосылып кеткендері де бар. Сондықтан қоғам олардың да құқығын қорғауы керек.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Облыс орталығындағы көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер жолына жасанды интеллектімен үйлестірілген «Мерген» бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
2024 жылы көктемде Батыс Қазақстан облысы алапат су тасқынынан зардап шекті. Табиғат апаты тосын әрі төтенше келіп, бірнеше елді мекен су қоршауында қалды. Тілсіз жаудан үйі бүлініп, жарамсыз болып қалған Сырым ауданы Бұлдырты ауылының тұрғыны Эльмира Жұмағалиева былтырғы мамыр айынан бері жергілікті билік органдарына, сотқа бірнеше мәрте жүгініп, әділдік таппағанын айтады.
Өнер • 17 Қазан, 2025
Шығармашылығы тарихпен, иә болмаса, табиғатпен шектелмеген суретші Мағауия Аманжоловтың болмысы да өзгелерден дараланып тұрған деседі. Қылқалам шеберінің мінезі қандай батыл болса, картина жазудағы стилі де сондай батыл деп баға береді замандастары. Қылқаламы қарапайым натюрморттан бастап, тарихтың тереңіне бойлап кете береді. Жазған портреттері де өзгелерден дараланып тұрады. Өнерден хабары бар адам Аманжоловтың туындыларын бір көргеннен-ақ жазбай таниды. Кенеп бетіндегі қылқалам сілтесі өзгеше.