Өнер • 17 Қазан, 2025
«Олар Бетховеннің «Крейцер сонатасын» ойнады. Бірінші бөлімін білуші ме едіңіз? Білесіз ғой. Түу... бұл соната масқара ғой. Әсіресе осы бөлімі. Жалпы, музыка дегенің масқара ғой. Бұл не бұл? Түсінбеймін мен. Музыка деген не? Ол не істетпейді? Сол істегенін неге істейді ол? Музыка адамның рухын көтеруге көмектеседі деседі. Сандырақ, жалған!» деп салады Лев Толстой «Крейцер сонатасы» повесінде.
Тарих • 17 Қазан, 2025
Зардапты «Кіші қазан»: Кешенді зерттеуге – жаңаша ғылыми көзқарас
Республика күні қарсаңында тәуелсіздік жолындағы күрес пен халқымыздың тар жол, тайғақ кешуін еске түсіріп, тарих сабағын байыптау – парызымыз. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың: «Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуге тиіс», деген сөзі қоғамды жауапкершілікке жетелейді.
Ән • 17 Қазан, 2025
Баланың кіршіксіз, риясыз күлкісінен асқан қуаныш та, бақыт та жоқ шығар. Құлындай құлдыраңдап шапқылап жүрген бейкүнә періштенің жүзіндегі жылылық әке біткенді қанаттандыратыны, шабыттандыратыны анық. Көзінің ағы мен қарасындай болған ұлына кім де болса тек жақсылық тілейтініне ешкімнің таласы жоқ. Балаға арналған әдемі әндер аз емес. Солардың ішінде Ғазизхан Шекербектің орындауында «Ұлыма ақыл» әні кімді де болсын ойландырмай, толғандырмай қоймайды.
Сұхбат • 17 Қазан, 2025
Серікбай ОНБАЕВ: Патриоттық тәрбие талбесіктен басталады
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев жасы жетпістен асса да, қоғамдық жұмыс арқылы елге қызмет етіп жүр. Ардагердің бастамасымен мектеп оқушылары, колледж бен университет студенттері арасында ұлттық, патриоттық тәрбиені насихаттау бағытында тындырымды тірлік атқарылып жатыр. Ендеше, патриоттық тәлім-тәрбиенің көрінісі қандай болу керек деген сауал төңірегінде қоғам қайраткерімен сұхбаттасқан едік.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Таяуда жұмыс сапарымен Арқалыққа барып қайттық. Шалғайда жатқан шағын қаланың жерасты құбырлары кейінгі екі жыл ішінде түгел жаңартылды. Тұрғын үйлердің бәрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді деген жылы хабар естігенбіз. Салып ұрып қалалық жылу-энергетикалық компаниясына қарасты су тазартқыш құрылғылар учаскесіне жеткен бетіміз. Мекеме Горбачев көшесінде екен. Көше атауын алғаш көргенде тіксініп қалғанымыз рас. Су басындағы маманнан көше жайын сұрап едік, жайбарақат қана «Өзіміздің Горбачев қой», деп жауап қатты. «Ә-ә...» дедік те, әрі қарай қазбалауды жөн көрмей, әңгіме ауанын негізгі мәселеге бұрдық.