Қоғам • 17 Қазан, 2025
Бұған дейін сайын даладан саумалдың иісін аңқытып, бір мезетте 1000 күбі пісіп, рекорд орнатқан аудан жұртшылығы тағы да рекордтар кітабының жаңа парағын ашты. Жаңаарқаның 500 шапаны мен 500 табақ еті КИнЭС рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.
Таным • 17 Қазан, 2025
Бертін келе анау Аршатының арғы жағынан төтелей өтіп жүрген Шүй бойындағы ағайыннан алыстап кеттік. Екі араға шекара бекімегенде, Қосағаш пен Жазатырға салт атпен жарым күнде жетіп барар едіңіз. Әттеген-айы, төрт түлігіміз қоралас жатқан іргедегі жұртқа мыңдаған шақырымды айналып жүретін болдық. Анығында, жол түссе ғана жүреміз. Алтайды қақ бөлген тікенекті сымнан тура аса алмаған соң, туысшылауды да сиреттік. Аяқасты болмаса, арнайы баратындар ілу де біреу. Біз-дағы ойда жоқта атқа қондық. Бағыт – Қосағаш, одан әрі Баян Өлгей.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Ұлытау өңіріндегі оң өзгерістер
Ұлытау облысының жаңадан ашылғанына үш жыл болғанына қарамастан, өңірді дамыту, түрлі жобаларды іске асыру, тұрғындарды үймен қамтамасыз етуде алға ілгерілеушілік байқалады. Инфрақұрылымды жаңғырту облыстағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық ахуалына оң әсерін тигізіп отыр.
Экономика • 17 Қазан, 2025
Қытай мен Ресейді жалғайтын жол ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Көлік-логистиканы одан әрі дамыту керек. Еліміз Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған аса маңызды көпір болып саналатыны кеңінен белгілі. Былтыр территориямыз арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 млрд тоннадан асты. Сонымен қатар еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға әлі де зор мүмкіндік бар», дей келе, транзиттік логистиканы дамытуды тапсырған еді.
Ғалам ғажаптары • 17 Қазан, 2025
Зоопаркте қоқиқаз саны аз болған жағдайда олар көбеймей қояды. Өйткені табиғатта бұл құстар тек үлкен топ ішінде ғана өзін қауіпсіз сезініп үйренген.