Жасанды интеллект • 15 Қазан, 2025
Жасанды интеллект кен орындарын модельдеуге көмектеседі
«Қазақмыс» геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіру жұмысына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізіп жатыр. 2025 жылдың мамыр айында іске қосылған «Grade Copilot» модулі бар жаңа «Micromine Advance» жүйесі кен орындарын жылдам әрі дәл модельдеуге мүмкіндік береді. Бұл өндірістің тиімділігін арттырып, деректердің барынша дәл болуын қамтамасыз етеді.
Пікір • 15 Қазан, 2025
Конституциялық реформа – қоғамның күткен мәселесі. Ол парламенттік реформа секілді тарихи маңызы бар оқиғаның айналасына қоғамды шоғырландыру тұрғысынан өзекті.
Ғалам ғажаптары • 15 Қазан, 2025
Биылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығы инновациялық экономикалық өсу жолын түсіндірген ғалымдарға берілді. Жүлденің жартысы АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің қызметкері Джоэл Мокирге бұйырды. Ал қалған жартысын Франс колледжінің қызметкері Филипп Агион мен Лондон экономика мектебінің қызметкері Питер Хоуитт бөлісті.
Мәдениет • 15 Қазан, 2025
Сырда «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өтіп, байырғы жұртта түркінің көне сазы жетінші мәрте қалықтады. Түркия, Тыва, Алтай, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен елімізден жиылған 200-ге жуық өнерпаздың басын қосқан дәстүрлі өнер мерекесін «Тұран» этнофольклорлық ансамблі бастап берді. Облыс әкімдігі мен халықаралық «Түркі мәдениеті және мұрасы» қоры бірлесе ұйымдастырған биылғы фестиваль Қызылорданың астана атанғанына 100 жыл толуына орайластырылды.
Ғалам ғажаптары • 15 Қазан, 2025
Камчаткадағы Ключевский жанартауы қайта оянып, одан шыққан күл-тозаң 7,2 шақырымға дейін биікке көтеріліп, желдің әсерінен 57 шақырымға дейін таралған.