Мирас • 15 Қазан, 2025
Ұлттық аспаптар – халқымыздың рухы мен жанының айнасындай. Киелі қобыз көне жұрттың арман-тілегін боздатса, қара домбыра қазақтың өзіне айналып кеткелі қашан? Жыл өткен сайын ұлттық аспаптарымызға деген құрмет артып отыр.
Мирас • 15 Қазан, 2025
Бозанбайдағы бекзат өнер байқауы
Жылдағыдай нөпір халық Бозанбайға қарай ағылды. Олар қыран құстың қалықтағанын, асауды құлақтағанын, тазының жүгіргенін қызықтасақ деп асықты. Айта кетейік, Шығыста биыл бұл байқау бесінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Әуелде облыстық деңгейде басталған іс-шара бүгінде халықаралық деңгейге шыққан.
Саясат • 14 Қазан, 2025
Жақсыбек Кұлекеев: Бір палаталы Парламентке көшу орынды шешім деп есептеймін
Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында елімізде түрлі бағытта ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын айтты. Оның бірі –бір палаталы Парламентке көшу саясаты. «Бұл халықаралық үрдіске толық сай келеді. Әлем елдерінің үштен екісінде осындай парламенттік жүйе қалыптасқан. Дәл қазір бізге керегі – ортақ ұстаным және парасатты, салмақты ұсыныс. Сондықтан барлық ой-пікірді, ұсынысты мұқият зерттейміз, егжей-тегжейлі қараймыз», – деді Мемлекет басшысы. Еліміз осындай өзгерістерге қаншалықты дайын екенін, жалпы бір палаталы Парламенттің қажеттілігін Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Жақсыбек Құлекеевтен сұрадық.
Республика күні • 14 Қазан, 2025
Республика күні Әл-Фараби көзімен
Еліміздің тарихи шешімін айқындаған Егемендік декларациясы – мемлекеттігіміздің берік ұстыны. Бұл құжатта ел аумағының тұтастығы, шегенделген шекарасы, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған ұстанымдар айқындалған. Жарлықтың жарияланған күні қазір қайта жаңғыртылып, «Республика күні» ретінде аталып өтеді.
«Таза Қазақстан» • 14 Қазан, 2025
Сенат депутаттары және аппарат қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілікке қатысты. Іс-шараға діни бірлестіктер өкілдері, Конфессияаралық және дінаралық диалогтің халықаралық орталығының қызметкерлері, Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің түлектерін біріктіретін «Taldau Community»-дің мүшелері де үлес қосты.