«Таза Қазақстан» • 14 Қазан, 2025
Жетісу облысында экологиялық мәдениетті арттыру, тұрғындардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Ауқымды іс-шара аясында өңірде «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталып, ең таза ауылдар мен аудан орталықтары марапатталды.
Мәдениет • 13 Қазан, 2025
Мәдениет – күрделі де ауқымды ұғым. Оны әртүрлі мағынада қолдануға болады. Біз мәдениеттің күнделікті өміріміздің айнымас бөлшегі екенін, ол біздің ойымыздан, іс-әрекетімізден, қарым-қатынасымыздан көрініс табатынын жақсы білеміз. Бірақ мәдениетті білу бір басқа да, мәдениетті болу мүлде басқа. Сол себепті үшбу мақаламызда келесі сауалдарға жауап іздесек дейміз: мәдениет адамға не үшін керек, зиялылық қандай жағдайда қалыптасады, мәдениет пен оспадарлық арасындағы еркіндік пен жауапкершілік қандай?
Тарих • 13 Қазан, 2025
Индустрияның үнсіз самурайлары: Қазақ жерінде еңбек еткен 59 мың жапон туралы не білеміз
«Самурай қолының жылуы» кітабы мен деректі фильмінің авторы Бақтыбай Жұмаділдиннің бастамасымен Президент жанындағы Ұлттық ғылым академияда «1945-1950 жылдары Қазақстанды индустрияландыруға интернацияланған жапондардың үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 11 Қазан, 2025
Жыл басынан бері еліміздің ұлттық парктері 2 миллионға жуық туристі қабылдады. Бұл елімізде экотуризмге қызығушылық бар екенін көрсетеді.
Аймақтар • 11 Қазан, 2025
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі Семейде сайланбақ. Яғни 12 қазан күні семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасайды.