Шаруашылық • 11 Қазан, 2025
Жеңілдетілген несие көлемі ұлғайды
Мемлекет басшысы Жолдауда «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет кейінгі жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлініп, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған», деген еді. Расында, мемлекеттің қолдауы Абай облысында күзгі жиын-терім кезінде де байқалып отыр.
Ұстаз • 11 Қазан, 2025
Ермек Иманзайып ата-бабадан қалған асыл өнер – құс пен аң аулауды жас ұрпаққа талмай үйретіп келе жатқан педагог. Жас мұғалім бүгінде қала балаларын да саятшылық ісіне баулып жүр.
Аймақтар • 11 Қазан, 2025
Басым бағыт – ауылдарды сумен қамту
Өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Үкімет алдына қойған басым міндеттердің бірі.
Білім • 11 Қазан, 2025
Білікті маманды елге қайтару: «Brain Gain» қадамы
Білікті азаматтардың шекара асып, шетке кетуі бүгінде жаһандық мәселеге айналды. Қоғам үшін бұл – қауіпті үдеріс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында осы мәселені көтеріп, дабыл қағуы бекер емес. «Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн. Шетелден елімізді дамытуға үлес қоса алатын мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту – өте маңызды міндет. Олардың Қазақстанда қалуына жағдай жасау керек. Себебі бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек. Қазіргі тілмен айтсақ, «сапасы жоғары адами ресурстар» қажет», деді Президент. Сондықтан дер кезінде жүйелі стратегия құру аса маңызды. Бұл үдерістің себебі, салдары, білікті мамандарды елге қайтару турасында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Бауыржан Боқаев және «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрболат Тоқтамыс пікір білдірді.
Өндіріс • 11 Қазан, 2025
Ұшақ отынының сапасын арттырады
Өңірдің дамуы өндіріс қуатымен тығыз байланысты. Павлодарда алдағы уақытта экономикаға тың серпін берер жоба іске асырылуға тиіс. Облыс орталығында ұшақ отынын жоғары октанмен қамтамасыз ететін алғашқы отандық зауыт салынып жатыр.