Көрме • 04 Қазан, 2025
Белград музейінің жәдігерлері Алматыға жетті
Алматы музейінде «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» деп аталған өнер көрмесі есік ашты. Қоғамдағы әйел мәртебесін асқақтатып, Сербия тарихы мен мәдениетінің бірегей мұрасын айшықтаған айтулы жобаның ашылу салтанатына Сербияның бірінші ханымы Тамара Вучич, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, достық қарым-қатынастағы қос елдің рухани байланысын дәнекерлеген зиялы қауым қатысты.
Үкімет • 04 Қазан, 2025
Құрылыс кодексінің жобасын бірінші оқылымда қарайды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Ұстаз • 04 Қазан, 2025
5 қазан. Ғалым да, шахтер де бас иетін кәсіп иелерінің мерекесі – бұл. Нақ осы кәсіптің киесі де, құрметі де сонда, ел басқарған бүгінгі тұлға да, көш бастаған кешегі көсем де, сан саланың тасын өрге домалатқан сақа маман да – бәрі сол әріп танытып, тәлім-тәрбие берген ұстаздың алдынан өтеді. Ақиқатында «Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі».
Саясат • 04 Қазан, 2025
Ынтымақтастық аясындағы басқосу
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, екі елдің парламентаралық іс-қимылының басым бағыттарына назар аударды.
Үкімет • 04 Қазан, 2025
Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының тапсырмалары
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын және алдағы кезеңнің күн тәртібін талқылады. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысты.