Таным • 21 Наурыз, 2026
Ата қазақ наурыз айында жауған жұмсақ қарды «Наурызша» деп атаған. Бұл сөздің астарында жылылық, көктемге деген аңсар мен ынтызарлық бар. Әдебиетті жақсы түсінетін адам осы айда жауған қарды көрсе, еріксіз «Қыз-Жібек» жырындағы сәтті теңеуді есіне алады. Ол жырда не деп еді?
Мирас • 21 Наурыз, 2026
Шалқар қаласының жасы үлкен тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Күнімхан Үргенішбаева — он саусағынан өнер тамған ісмер әжелердің бірі. Кезінде қолөнерге пайдаланған құрал-саймандары бүгінге дейін ұқыптылықпен сақталып, немере-шөберелеріне мирас болып отыр.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Қазақтың келісті келіні атанған Ольга Худянның әкесі – қытай, анасы – украин ұлтынан. Бір қызығы, Ольганың тілі қазақша шығыпты. Әйгілі Қоянды жәрмеңкесі өткен жерде өмірге келген ол өлке тарихын қазақ тілінде тақылдатқанда, таңдай қағып қаласыз. Осындай рухты қыздың Қарқаралыдағы Оқановтар әулетіне келін болуының өзі бір әңгіме.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Ертіс-Баян өңірінде 62 килограмдық кір тасын кеудесінде ойнататын алып күш иесі тұрады. Нұрлан Көпбергенов – кір тасын көтеруден жаһандық рекордты 16 мәрте жаңартқан әлем чемпионы. Қазақтың мықтылығын әлемге танытып, талай додаларда мықтыларды шаң қаптырған дарабоз ағамыздың ерік-жігері халқымыздың қайсар рухының көрінісіндей.
Экономика • 21 Наурыз, 2026
Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл
Ұлыстың ұлы күні Наурыздың жұртымыз үшін жөні бөлек. Қымбатшылық қыспаққа алып, қысқа жіп күрмеуге келмей тұрса да, мереке күні аста-төк дастарқан жайылып, жер-жерде ұлан-асыр той жасау дәстүрінен ешуақытта жаңылған емес. Осы орайда мейрам қарсаңында елордадағы сауда орталықтарына арнайы барып, халықтың көңіл күй ауанын байқап қайттық.