Digital • 23 Қаңтар, 2026
Қаласақ та, қаламасақ та, цифрлық дәуірге бейімделуге мәжбүрміз. Бүгінгі буын бесіктен белі шықпай жатып-ақ смартфонмен достасып үлгереді. Ата-аналар да бұны баланы алдаусырата тұратын керемет құралға айналдырған. Өкініштісі, ішіндегі контентті ешкім қадағалап жатпайды. Соның кесірінен балдырғандар алгоритм ұсынған ақпаратты санасына сіңіріп жатыр. Технологиядан бас тарту бәрібір мүмкін болмағандықтан, балаға пайдалы қосымшаларды ұсыну – ең тиімді шешім. Әрбірден соң, әке-шешенің жауапкершілігі – цифрлық сауаттылықтың ажырамас бөлігі.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Грантқа қол жеткізетін платформа
«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында небір мықты бастамалар таныстырылып жатыр. Солардың ішінде ерекше көзге түскені – Әмине Қадыр негізін қалаған «YerAI Mentor» стартабы. Бұл платформа шетел университеттеріне құжат тапсыруды жүйелеп, талапкердің мүмкіндігіне сай оқу орны мен грант түрін іріктеуге көмектеседі. Эссе жазу, құжат рәсімдеу, сұхбат жауаптарын пысықтау сияқты қадамдарды бір жерге жинап, әр кезеңде нақты бағыт береді.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Алматы облысында білім саласын цифрландыру және жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу бағытында тәжірибелік тренинг өтті.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Петропавл қаласының жиі су астында қалатын «Подгора» мен «Косогор» шағын аудандарында құрылған «Подгорье» қоғамдық ұйымының мүшелері көктем шықса, көңілі алаң күйге түседі. Өйткені бұл аумақ жыл сайын тасқын қаупімен бетпе-бет келеді.
Несие • 23 Қаңтар, 2026
Агроөнеркәсіпті кешенді түрде дамыту – еліміздің басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ауыл кәсіпкерлігін қолдауды, фермерлік шаруашылықтардың өсуіне жағдай жасауды тапсырған болатын. Осы тұрғыда «Ауыл аманаты» жобасы ауыл экономикасын дамытуға, ондағы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді құралға айналып отыр.