Жасанды интеллект • 26 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру және экономиканы жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын барынша енгізу арқылы жаңғырту» стратегиялық мақсаты еліміздің болашақ дамуының негізгі бағыты ретінде айқындалған. Бұл мәлімдеме елдің цифрлық трансформацияға деген батыл ұмтылысын және оны жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасау қажеттігін көрсетеді.
Сұхбат • 26 Қыркүйек, 2025
Тарих ғылымы елдіктің еңсесін көтереді
Биыл – елдігімізді ұлтқа, әлемге танытуда орны бар Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының іргесі қаланғанына 80 жыл. Талай бел-белестен өткен бұл ҒЗИ бүгінде Тәуелсіздік мұратын зерделеген кешенді зерттеулер жүргізіп келеді. Осы орайда Мемлекет басшысы идеясымен әзірленіп жатқан академиялық көптомдықтың мәні де, салмағы да айрықша. Біз қазіргі тарихи зерттеулердің бағыт-бағдары мен институттың тағдыр-талайы жөнінде бас директор, ҰҒА академигі Зиябек Қабылдиновпен сұхбаттасқан едік.
Тұлға • 26 Қыркүйек, 2025
Қай қаламгер болсын, ол ең алдымен – өз дәуірінің, өз ортасының перзенті. Ол жазған шығарма арқауы да сол замана шындығы. Халқының мәдени-рухани өмірінің болмысын сол уақыт үрдісімен бағалайды, келер ұрпақ өзіне керегін өткен күннің шындығынан алады.
Тағзым • 26 Қыркүйек, 2025
Париждегі Нұрғиса Тілендиев тойы
Биыл – аса көрнекті композитор, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына – 100 жыл. Елімізде басталған айтулы тұлғаның мерейтойы Франция астанасы Париж қаласында жалғасты. Кеше ғана әсем шаһардың төріндегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтті.
Тұлға • 26 Қыркүйек, 2025
Өткен ғасырдың 70-жылдары қаһарына мінген тоталитаризм мен кеңестік идеология ұлттық кадрлардың тағдыр-талайына шектеу қоятын жымысқы саясат ұстана бастады. ҚазМУ мен ҚарМУ-дың филология факультеттерін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітіріп жатқан қазақтың өндірдей талантты жастарын «мұғалім жетіспейді» деген сылтаумен алыс ауылдағы мектептерге жолдамамен жіберу үрдіске айналды. Ғылымға бірден келу оңай болмады.