Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
Бүгін Қытайдың астанасы Бейжіңде үстел теннисінен «China Smash 2025» халықаралық турнирі басталады. Жарысқа әлемдік рейтингте ТОП-10-ға енетін барлық ойыншылар қатысады. Бақ сынаушылар қатарында елімізден Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева бар. Олар іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Кирилл ирандық Амирреза Аббасимен, Зәуреш қытайлық Яо Жуйсюаньмен шеберлік байқасады.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Агрокешен ғылыми шешімдерге зәру
Еліміз алдағы 10 жыл ішінде астықты терең өңдейтін әрі одан алынған өнімді экспорттау бойынша әлемдегі он ірі елдің қатарына қосылуы керек. Бұл – Мемлекет басшысы жүктеген міндет. Қостанайда өткен «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты көшпелі отырыста осы мәселе сөз болды.
Ғалам ғажаптары • 26 Қыркүйек, 2025
Қазіргі уақытта голограммалар көбінесе лазердің көмегімен жасалады. Алайда Шотландия ғалымдары бұл үдерісті жеңілдетудің жаңа жолын тапты.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
Ауыл мүмкіндігін арттыру міндеті
Қазталов ауданында тұңғыш рет «Kaztalov-Invest» аудандық инвестиция форумы өтті. Форумда округ әкімдері мен кәсіпкерлер арасында жалпы құны 1 млрд 133,4 млн теңгеге тең 13 жоба бойынша меморандумға қол қойылды.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
«Қазақстан халқына» қоры құрылғалы бері Алматы облысының тұрғындарына жалпы сомасы 10,7 млрд теңге шамасында қайырымдылық көмегін көрсетті. Өңірде 21 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Президент тапсырмасына сай қор қаражатын кәдеге жаратып жатқан мекемелерде жұмыс қарқынды жүргізіліп, қарапайым халық игілігін көріп отыр.