Жәдігер • 26 Қыркүйек, 2025
Торғайдағы музейлер кешенінде кезінде Міржақып Дулатұлының отбасы тұтынған, алаш ардақтысының өзі ұстаған бірсыпыра бұйымдар, 1914 жылы Қазан қаласынан екінші рет басылып шыққан «Бақытсыз Жамал» романының, 1913 жылы Орынборда жарық көрген «Азамат» жинағының түпнұсқасы, өзге де көптеген құнды дүние сақтаулы.
Ең қысқа әңгіме • 26 Қыркүйек, 2025
Пойызға отырдық. Жолаушы көршілерім орындарына жайғасып жатыр. Әлі екі орын бос. Міне, олардың да иелері келді. Бірі – бойы тым пәкене, иығы қушиыңқыраған. Реңі әжептәуір. Қой көзі ойнақшыған, жүзі жылы, шашы тықыр, жас шамасы қырықтан едәуір асқан жігіт. Екіншісі – ұзын бойлы, мойны жуан, иықты, аяқ-қолы балғадай, ұзын етек көйлек киген, басына қызғылтсары, жылтырақты орамал тартқан, сығырайыңқыраған қара көзді, жалпая біткен мұрны дөңгелек жүзіне жарасыңқы, маңдайы кең, сыртқы пошымы егер еркекше киінсе ер-азаматқа ұқсап қалары даусыз, жасы әлгі жігітпен қарайлас қарапайым келіншек. Бойларына қарап ерлі-зайыптыға ұқсатпадым. Бұлардың сөмкелерін көтерісіп, шығарып салуға келген бойлары теректей, жаурындары қақпақтай екі бозбала олармен құшақтаса қоштасты да, бізге де сәтті сапар тілеп шығып кетті.
Еңбек • 25 Қыркүйек, 2025
Асқарбек Ертаев: Еңбек адамдары елеусіз қалмайды
Елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні мерекеленеді. Қайнаған тіршіліктің ортасында бел шешпей шаруаны еңсеретін азаматтар әрқашан да құрметке, марапатқа лайық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевпен шағын сұхбаттасып, кәсіби мерекенің маңызы жайлы сұрадық.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект қызметін реттейтін заң қабылданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында комитеттер бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2025
Әлемге сенім мен ашықтыққа негізделген консенсус қажет
Осы күндері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясы жаһандық күн тәртібінің басты оқиғасына айналғанын көріп отырмыз. Дүниенің әр түкпіріндегі мыңдаған адам саммит алаңдарындағы кездесулер мен сөйлеген сөздерге ерекше ден қойып, әлем көшбасшыларынан Жер шарын бейбітшілік пен келісімге бастайтын жаңа шешімдер күтті.