Қоғам • 18 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс» деген еді.
Теңге • 18 Қыркүйек, 2025
Цифрлық теңге қаржы жүйесін қалай өзгертеді?
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыруды жылдамдатуға пәрмен берді. Президенттің айтуынша, цифрлық теңгенің енгізілуі бұл жұмысқа септігін тигізіп жатыр. «Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңгені қолданып жүрміз. Енді оның қолданыну аясын одан әрі кеңейту қажет. Цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болады», деп жол нұсқады Президент.
Егемен Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2025
Дәстүрлі баспасөз – ел бірлігінің діңгегі
«Қазақ газеттері» серіктестігінің шаңырағында Қазақстан халқы Ассамблеясы академиясының «Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулі аясында тәжірибе алмасу жиыны өтті. Серіктестіктің бас директоры Дихан Қамзабекұлы модераторлық еткен басқосуға өңірлік ҚХА журналистер клубтарының төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз хатшылары, депутаттар мен ҚХА мүшелері қатысты.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2025
Партиялық тізім демократияға дем береді
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – саяси жүйеге қатысты өзгерістер. Атап айтқанда, бір палаталы Парламентке көшу, келешекте депутаттарды тек партиялық тізім арқылы сайлау ұсынылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ешқашан тағдыршешті өзгерістерді аяқ астынан ұсынбайды. Бұрынғы билік тұсында Конституцияға немесе басқа да аса маңызды мәселелерге қатысты өзгерістер дәл қабылданар алдында жарияланып, халық талқылап үлгерместен қабылданатын. Ал бұл жолы Президент мәселені халық назарына шығарып, бір жыл бойы талқылауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл Қ.Тоқаевтың ашық саясат жүргізуге дайын екенін көрсетеді. Референдум 2027 жылға жоспарланды.
ЖОЛДАУ • 18 Қыркүйек, 2025
Масылдықтан арылудың қоғамдық жауапкершілігі
Әлеуметтік салаға баса мән беріп, қолдау танытатын мемлекетте масылдық психологиясы да қылаң беріп отырады. Қазірде әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан халықтың осал топтарына берілетін жәрдемақы сынды демеуге ғана арқа сүйеп өмір сүруді көксеу түсінігі белең алып барады. Қоғам дертке айналып, масылдыққа үндейтін мерез мінезден арылғанда ғана түзелетіні анық.