Ғалам ғажаптары • 18 Қыркүйек, 2025
Әлем елдері қоқыстың көбейгеніне алаңдап жатса, Қытай керісінше қоқыс тапшылығын сезініп отыр. Соның салдарынан елдегі ірі қоқыс өртейтін зауыттар толық қуатта жұмыс істей алмай, тіпті кейбірі қалдықты сырттан сатып алуға мәжбүр.
Еңбек • 18 Қыркүйек, 2025
Таңдай қақтырар қабілет иесі, алтын қолды автомеханик, ауылының ардақты ақсақалы Бөрібай Ысқақовты күллі Қарқаралы жұрты таниды. Бір жасында шешек ауруына шалдығып, жанарынан айырылған тағдыр иесінің таланты талайды таңғалдырады. Жасы жетпіс жетіге келсе де қабілетті қарияның күш-қуаты әлі бойында. Осы жаздың өзінде ауылындағы үш трактордың моторын жинап беріпті.
Ғалам ғажаптары • 18 Қыркүйек, 2025
Автокөліктегі қауіпсіздік жастықшасын жақсы білеміз. Енді соның ұшаққа арналған нұсқасы пайда болуы мүмкін.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2025
Өзбекстанның Самарқан қаласында «FIDE Women’s Grand Swiss» турнирі аяқталды. Көршілес елде жалауы желбіреген жарыста 21 жастағы дарынды шахматшымыз Бибісара Асаубаева 11 мүмкіндіктен 7,5 жинап, қола медальды олжалады. Осы табысының арқасында Б.Асаубаева 25 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болды. Бас жүлдені Вайшали Рамешбабу иеленді. Үндістан ойыншысы былтыр да осы турнирде топ жарған еді. Екінші орынға ресейлік Катерина Лагно табан тіреді. Олар 8 ұпайдан еншіледі. Жарыс барысында Бибісара осы екі шахматшыдан ғана ұтылды.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2025
Өңдеу өнеркәсібінің жаңа орталығы болудан үмітті өңір
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керектігін атап өтті. Бұл орайда ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Сондай-ақ Президент әр өңірде дайын өнімді өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптасуы қажеттігін айтты.