Саясат • 17 Қыркүйек, 2025
Діни нысандар – жалпыадамзат құндылығы
Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзаттың игілігі жолындағы жаһандық бастамаларды ілгерілету үшін Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің алаңын құп көріп, Өркениеттер Альянсының арнайы сессиясын өткізді. Діни нысандарды қорғау бағытындағы адамзатқа ортақ өзекті мәселелер талқыланған іс-шара жоғарыда аталған съез аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Қайтарылған қаржыға – медициналық пункт
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды.
Инновация • 17 Қыркүйек, 2025
Инновациялық өркендеу жолындағы өңір
Жаһандану дәуірі. Жасанды интеллект игілігі. Цифрлы Қазақстан. Озық ойлы ұлт. Инновациялық технология. Бұл тұрғыда қазыналы Қарағанды өңірінің де қадамы қарышты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауында әр салаға жасанды интеллектіні кеңінен енгізіп, экономиканы толық цифрландыру керектігіне тоқталды. Расымен, мұндай страгетиялық шешімнің ел дамуына қажеттілігі анық сезіліп отыр.
Пікір • 17 Қыркүйек, 2025
Қуатты мемлекетке айналудың алғышарты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің дамуына айқын бағдар беретін стратегиялық құжат. Жолдауда айтылған әрбір тұжырым Ұлттық ұланның күнделікті қызметімен және азаматтық қоғамның сұранысымен үндеседі.
Пікір • 17 Қыркүйек, 2025
Әлемдік саяси ахуал шиеленісіп тұрған сәтте Мемлекет басшысының Жолдауынан ел болып ерекше бастамалар күткеніміз белгілі. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің де даму деңгейі қай салада болсын шешуші рөл атқарып жатқаны анық. Бұл ел дамуына жауапты билік институттарына ерекше құзырет пен жауапкершілік жүктейді әрі прагматикалық шешімдер қабылдап, ашық та нақты қадамдар жасауды қажет етеді.