Зерде • 17 Қыркүйек, 2025
Ахмет Байтұрсынұлының Қазандағы суреті
Кіндік қаны қасиетті Торғай топырағында тамған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өмір жолында Орынбор, Қостанай, Омбы, Қарқаралы, Уфа, Семей, Ташкент, Қызылорда, Баку, Архангельск, Алматы қалаларында болғаны мәлім. Көрнекті қайраткер өмірбаянын зерттеуші ғалымдар бұл деректі нақтылаған. Осы ретте Алаш арысының 1902–1904 жылдары Омбы қаласында қызмет істегенін, Ақмола облысы Халық училищелерінің инспекторы А.Е.Алекторовтың іс жүргізушісі болғанын Омбы облысы Тарихи архивіндегі құжаттардан көргенімізді оқырман есіне сала кеткіміз келеді. А.Байтұрсынұлының қолы қойылған бірнеше тарихи құжатты 1998–2000 жылдарда Омбы архивінен анықтадық (8-қор, 1-тізім, 1-іс). Кейінгі кезде көрнекті қайраткердің Омбы кезеңіне қатысты ақпарат толығып, өмірбаянының ақтаңдақ беттері біршама қалпына келтірілді.
Пікір • 17 Қыркүйек, 2025
Алға бастайтын ауқымды жобалар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы жылдарға арналған даму стратегиясын айқындайтын бағдарламалық құжат. Мұнда үш жыл ішінде елімізді толыққанды цифрлық елге айналдыру мақсаты қойылды.
Күрес • 17 Қыркүйек, 2025
Еркін күрес шеберлері Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын қорытындылады. Аталған жарыста еліміздің құрамасы қос қола медальды қанағат тұтты. Жүлде иегерлері – Асылжан Есенкелді (61 кг) мен Нұрқожа Қайпанов (70 кг).
Мәселе • 17 Қыркүйек, 2025
Жамбыл өңірінде бірнеше күннің бедерінде екі бірдей мектеп оқушысы көз жұмды. Жалпы алғанда жаңа оқу жылы басталғалы үш мектеп оқушысы бұзақылық салдарынан бақилық болды. Өкініштісі сол, кейінгі екі оқушы қатарластарының қолынан қаза тапқан.
Ғалам ғажаптары • 17 Қыркүйек, 2025
Кейбір адамдардың қан қысымы былайғы уақытта қалыпты болғанымен, дәрігерге барып өлшенгенде күрт көтеріліп кетеді. Бұл құбылысқа «ақ халат синдромы» деген атау да берілген. Мұндай кезде қысымның көтерілуі аурудың өзінен емес, дәрігерге қаралуға байланысты уайымнан туындайды.