Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Ырғыз елді мекенінде ауданның 180 жылдығына байланысты бірнеше іс-шара өтті. Тарихи мекенге арналған ғылыми конференцияда ХІХ–ХХ ғасырдағы тарихи оқиғаларды, түрлі зұлмат кезеңдерін бастан өткерген Ырғыздың есімдері ескерусіз қалған тұлғалары туралы зерттеулерін баяндаса, мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің қызы, Ырғыз ауданының құрметті азаматы, Алматыдан келген 93 жастағы Орынша Қарабалина Ыбырай Алтынсарин мектебінен түлеп ұшқан Ырғыз арыстары жөнінде тебірене сөйледі.
Ғалам ғажаптары • 17 Қыркүйек, 2025
Әлемде жыл сайын 62 миллион тонна электронды техника жарамсыз күйге өтеді. Оның ішінде ноутбук, смартфон, теледидар сынды тұрмыстық құрал-жабдықтар бар. Бірақ соның тек төрттен бірі ғана қайта өңделеді, ал қалғаны қоқыс полигонына жіберіледі.
Өнер • 17 Қыркүйек, 2025
Қазақ циркінің халықаралық жүлдесі
Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделі биік халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей жүлдеге ие болды. Осылайша, халықаралық байқаулардың талай жүлдесін олжалап келген отандастарымыз таланттарын тағы да мойындатты.
Өнер • 17 Қыркүйек, 2025
Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Светлана Какоткинаның «Бір ғажап күн» атты шығармашылық көрмесі ашылып, автордың «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз» атты топтамаларынан тұратын 80 туындысы көпшілік назарына ұсынылды.
Ғалам ғажаптары • 17 Қыркүйек, 2025
2014 жылы «Коламбус Блю Джэкетс» пен «Даллас Старз» арасындағы хоккей матчы өтті. Алайда бірінші кезеңде қонақ ойыншысы Рич Певерлидің жүрек талмасына байланысты ойын тоқтатылды. Сол сәтте алаң иелері Натэн Хортонның голының арқасында 1:0 есебімен алда тұрған еді.