Өндіріс • 09 Қыркүйек, 2025
Өңірдегі 941 өнеркәсіптік кәсіпорынның шамамен 800-і өңдеу секторына тиесілі. Былтыр кәсіпорындар 3 трлн теңгеден астам өнім өндіріп, жаңа межеге қол жеткізді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға өсіп, шамамен 1,5 трлн теңгені құраған. Ал биыл 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде 723 млрд теңге өнеркәсіп саласына бағытталады дейді облыс басшылығы.
Инвестиция • 09 Қыркүйек, 2025
Бүгінде цифрлық технологиялар экономиканың барлық саласында белсенді енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрландырудың ел дамуындағы рөліне айрықша тоқталды. Осы ретте, ауыл шаруашылығында жасанды интеллектінің енгізілуі дәстүрлі егіншіліктен зияткерлік агроөнеркәсіпке көшуге мүмкіндік береді. Қостанай облысында өсімдік шаруашылығында «Мetos» компаниясының озық технологиялары енгізіліп жатыр. Олар 35+ дақылдардағы аурудың 85-тен астам түрін ерте анықтау үшін, сондай-ақ ауа райының сағаттық болжамын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Зерендідегі зәулім спорт кешені
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тікелей ұйытқы болуымен қайтарылған активтер есебінен Зеренді ауылында сәулетті спорт ғимараты бой көтерді. Жалпы құны 2 млрд 132 млн теңге тұратын ғимарат осындағы Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің иелігіне берілді. Спорт мектебі 1 млрд 633 млн теңгенің құрал-жабдығымен, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етіліпті.
Шымкент • 09 Қыркүйек, 2025
Кіші сержант даярлайтын әскери колледж
Қазақстанның Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен шаһарда Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж салтанатты жағдайда ашылды.
Ғалам ғажаптары • 09 Қыркүйек, 2025
Ағылшын әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген жазушы Уильям Шекспир шығармаларымен ғана емес, тілді байытумен де тарихта қалған.