Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Каспий теңізінде теңіз аквашаруашылығын дамытуға арналған алғашқы тор қоршамалар Маңғыстау облысының Құрық портында суға түсірілді. Жоба Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен, «Organic Fish» ЖШС қолдауымен жүзеге асып отыр. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов, «Organic Fish» ЖШС бас директоры Ержан Аманқосұлы, құрылтайшылар мен сала ардагерлері қатысты.
Шахмат • 09 Қыркүйек, 2025
Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтан ерлердің «FIDE Grand Swiss» және әйелдердің «FIDE Women’s Grand Swiss» турнирі басталды. Жарыста әлемнің бірқатар мемлекетінен келген белді ойыншылар бақ сынайды.
Ғалам ғажаптары • 09 Қыркүйек, 2025
Бүгінде жер шарындағы халықтың жартысына жуығы екі немесе одан да көп тілде сөйлей алады.
Өнер • 09 Қыркүйек, 2025
Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры 12 қыркүйекте 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Мерейтой аясында қазақ театр өнерінің дара тұлғасы, Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бикен Римова атындағы «Biken» ІІІ халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылады.
Тағзым • 09 Қыркүйек, 2025
Күйшілер есімі қашалған белгітас
Астананың ортасында ерекше аллея бар. Абылай хан даңғылы мен күйші Дина көшесінің қиылысындағы Күйшілер аллеясының маңдайын жарқыратып, даңқын асырған Дина Нұрпейісова ескерткішінің алаңында екі үлкен ескерткіш тақтаға қазақ күйші-композиторлары мен жырау-жыршыларының есімі жазылған. Домбыра мен қобыз мүсіні және бар. Бұл жерде рухани шаралар өтіп тұрады. Осы жолы мұндағы халық күйші-композиторларының аты-жөндері қашалған үлкен ескерткіш тақтаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор, профессор Орынбай Дүйсен есімі жазылды. Былтыр дүние салған күйшінің қазақ күй өнері мен музыкасына еңбегі сіңгенін көзіқарақты көпшілік білсе керек.