Digital • 06 Қыркүйек, 2025
Еңбекке ынталандыратын платформа
Алматы қаласының 16 жастағы оқушысы Сафия Ерлан жастарға жұмыс табуға көмектесетін «Work4Teen» стартапты негіздеді. Бұған оның басынан өткен жағдай себеп болған. Өткен жазда Сафия аниматорлық жұмысқа тұрып, бір ай балаларды қуантса да, еңбекақысын ала алмаған.
Білім • 06 Қыркүйек, 2025
Ұлттық жобаның көкжиегі кеңейсе....
Президент тапсырмасына орай елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске асып жатыр. Жоба аясында биыл жаңа пішіндегі 57 мектептің табалдырығын 100 мыңға жуық оқушы аттады.
Пікір • 06 Қыркүйек, 2025
Қазір отандастарымыз шетелдерге көп шығады. Білім іздеп шығады, қызметке орналасады, маусымдық жұмысқа кетеді, өзге елде демалуды қалайды. Байқағанымыздай Еуропа, Шығыс Азия жақтың халқы кербез, ешқайда асықпайды. Мұны Таиланд, Вьетнам, Малайзия секілді елдерге демалысқа барып келген жұрттан да естіп жүрміз. Біздегідей үнемі бір жаққа асығып, үлгермей, қоғамдық көлікке бір-бірін соғып мініп жатқан адам сирек. Сонда оларда шаруа жоқ па, әлде біз тым «еңбекқормыз» ба?
Заң мен Тәртіп • 06 Қыркүйек, 2025
Осыдан отыз жыл бұрын қабылданған Ата заңымыз – бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі мен демократиялық дамуының іргетасы. Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес, ол қоғамның құндылықтар жүйесін айқындайтын тарихи бағдаршам.
Экономика • 06 Қыркүйек, 2025
Агроөнеркәсіп: қайта өңделген өнім үлесі
Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Үкімет Жолдауда айтылған тапсырманы орындау аясында ауыл шаруашылығында технологиялық жаңғыртуды, қайта өңдеуді тереңдетуді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Агроөнеркәсіп кешені тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Биылғы қаңтар-шілде аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жеткен. Өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.