Руханият • 06 Қыркүйек, 2025
Авторлық еңбек – қуанышты да азапты үдеріс. Таңғажайып құбылыс десек те қателеспейміз. Ойлап қараңызшы, табиғаттың мәрмәр тасынан мүсінші қалай Юпитердің бейнесін көреді? Ал кәдуілгі қайың жапырағының адамның жүрегіне ұқсайтынын Мұқағали қайтіп аңғарды? Пушкинше толғансақ, әсердің мұндай шапшаңдығын, өзіндік шабыт пен сыртқы бөгде ерік арасындағы тығыз байланысты импровизатордың өзінен басқа ешкім де түсіне алмайды. Міне, осы себепті шығарманың қалайша дүниеге келгендігін автордың өзінен сұрап білу – әдебиеттанудың үлкен олжасы.
Жұмыс • 06 Қыркүйек, 2025
Жұмыспен қамтуға жүйелі көзқарас
Шымкент қалалық прокуратурасы, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен шаһардағы дендросаябақта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Осы секілді іс-шаралардың септігі болса керек, шаһарда кейінгі кезде жұмыссыздық деңгейі азайып келеді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2025
Білім ошағы пайдалануға берілді
Өңірде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 бірдей жаңа мектеп бой көтерді. Оның екеуі Білім күні қарсаңында пайдалануға берілді. Аталған жоба аясында салынған білім ордалары бұған дейінгі мектептерге қарағанда едәуір кең. Ауласынан бастап асханасына дейін баланың қауіпсіз жүріп-тұруына, сапалы білім алуына бейімделген. Техникалық жабдықталу деңгейі де бұған дейінгі типтік үлгідегі мектептерден төрт есе жоғары.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2025
Мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетілді
Ертіс – Баян өңірінде «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр. Оның аясында 12 мыңнан аса балаға материалдық жәрдем жасалады.
Ғалам ғажаптары • 06 Қыркүйек, 2025
Кейде кітаптың мазмұны оның мұқабасынан көрініс тауып жатады. Мәселен, өрт туралы жазылған шығармаларды баспагерлер отқа төзімді етіп шығарып, ерекше символикалық шешімге барған.