Ғылым • 06 Қыркүйек, 2025
Ғылым мен технология кеңістігіндегі қазақ тілі
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Назарбаев университетінде «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» атты республикалық конференция өтті. Жиынға Үкімет мүшелері, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен тіл саясатына жауапты мамандар мен білім басқармаларының өкілдері онлайн форматта қосылды.
Саясат • 06 Қыркүйек, 2025
Мұнай-газ өнеркәсібі заманауи үрдістерге сай болуы керек
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиында Президент мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті.
Еңбек • 06 Қыркүйек, 2025
Көкшетау қаласының тұрғыны Эльвира Мұқашева бес баланың анасы. Бүгінде пысық келіншек сүттен түрлі тағам дайындап, тұтынушылардың батасын алып жүр. Өнімдері облыстан тыс жерлерге де сатылып жатыр. Эльвира дайындаған буратто сыры, йогурт, айран, қаймақтың дәмін татқан көпшілік күн аралатып қайта келеді.
Форум • 06 Қыркүйек, 2025
Осы күні қаржы қызметін жасанды интеллект арқылы ұсынатын қосымшалар көбейіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, қаржы нарығының болашағы – цифрлық трансформацияға тікелей тәуелді. Мұндай өзгерістердің негізінде тұрған ұғымның бірі – финтех, яғни қаржылық қызмет пен жаңа технологиялардың тоғысуы. Ол мобильді банкинг, онлайн-төлем жүйесі, криптовалюта платформасы, жасанды зердеге сүйенетін кеңесші сияқты халыққа қолжетімді әрі ыңғайлы қаржылық экожүйе құруға мүмкіндік береді. Дәл осы үдерістерді талқылауға арналған – «Astana Finance Days 2025» форумында басты назар финтех пен цифрлық инновацияларға ауды.
Технология • 06 Қыркүйек, 2025
Орталық коммуникациялар қызметінде «Цифрлық трансформация және салаларды цифрландыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері цифрлық саладағы өзгерістер туралы айтып берді.