Сенат • 29 Тамыз, 2025
«Senat Open» турнирінің финалдық кезеңі
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев шахматтан Қазақстан Парламенті Сенатының ашық кубогі – «Senat Open» турнирінің финалдық кезеңінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Іріктеу сындарынан бастап аталған сайысқа бүкіл ел бойынша 3 мыңнан аса әуесқой шахматшы қатысты.
Үкімет • 29 Тамыз, 2025
Елімізде тамыздың соңғы жексенбісінде Шахтер күні аталып өтеді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті.
Ата заң • 29 Тамыз, 2025
Ата заңымызды зағип жандар да оқи алады
Павлодарда ел Конституциясының брайль қарпінде басылып шыққан нұсқасы таныстырылды. Жергілікті кітапханаларға әкелінген осы нұсқа инклюзияның мүмкіндігін көрсетеді.
Digital • 29 Тамыз, 2025
16 жастағы оқушы Марсель Бектұрғанов – «Skillset» роботтехника командасының вице-капитаны. Ол биыл көктемде Хьюстонда өткен «First Lego League» халықаралық байқауында топ жарып, ТМД елдері арасынан алғаш рет «Champion Finalist Award» сыйлығын жеңіп алды. Әлемнің 160 командасы қатысқан беделді додада үздік алтылыққа енді.
Digital • 29 Тамыз, 2025
Шығыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салаларды цифрландыруға байланысты тапсырмасын жүзеге асыруда айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері сабаққа оңай дайындалып, ата-аналар балаларын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Сол сияқты цифрлану дәрігерлердің де қолын ұзартқан. Сонау шалғайдағы науқастың жағдайын цифрлық құжаттар арқылы орталықта отырған білікті маман біліп, ем-домын жасау мүмкіндігіне ие.