Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Су жолы мен теміржолды тоғыстырған хаб
Алдағы уақытта «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) қытайлық зауыттар ашылуы мүмкін. Экономикалық аймақта көптеген жеңілдік бар – келген компаниялар корпоративтік табыс, мүлік, жер салығы мен импорттық қосылған құн салығынан (ҚҚС), кедендік баждардан босатылады. Ал жобаларға толық әкімшілік және техникалық қолдау көрсетіледі. Қазір «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы ұлғайып келеді. 14 субаймақтан тұратын нысанның жер көлемі Ақтау теңіз сауда порты мен Құрық портының, Солтүстік терминалының қосылуымен 4 407 гектарға үлкейді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Қарағанды әуежайы транзиттік бекетке айналады
С909 әуе кемесі Қытайдың Үрімші қаласынан алғаш рет тікелей Қарағандыға ұшып келді. Енді екі ел инфрақұрылымдық ынтымақтастықты нығайтып, «Үрімші – Қарағанды» бағытындағы тікелей әуе қатынасын қолға алуды көздейді. Қытай делегациясы мен өңір басшылары «Сарыарқа» халықаралық әуежайы аумағындағы заманауи жанармай құю кешенінің іргетасын қалады.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық деңгейі
Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы аясында өңір бойынша штаб құрылып, оған білім, денсаулық, жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, полиция, аудан, қала әкімінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары енді.
Сараптама • 29 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект инвестиция тартуға қалай пайдаланылады?
– Энергетика саласында деректерді өңдейтін орталықтар (дата-орталықтар) орасан көп электр тұтынады. АҚШ-та 2040 жылға қарай электрге сұраныс 44%-ға өспек, ал оның тең жартысы дата-орталықтарға тиесілі болмақ.
Экономика • 29 Тамыз, 2025
Мұнай өңдеуді ұлғайтатын стратегия
Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025–2040 жылдарға арналған ұзақмерзімді тұжырымдамасында инфрақұрылымды жаңғырту, экспорттық әлеуетті арттыру және жаңа технологияларды енгізу негізгі міндеттер ретінде айқындалған.