Экономика • 23 Тамыз, 2025
Газ өңдеу кәсіпорындары: мүдде мен мүмкіндік
Геологиялық барлау деректеріне сүйенсек, елде 3 трлн текше метрден астам газ қоры бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда газ мәселесіне тоқталып, «Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастады. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Әзірге бұл жобалар толық іске қосылған жоқ. Сондықтан газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн», деген еді. Президент сондай-ақ Үкіметке Жаңаөзен, Қашаған және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырды.
Спорт • 23 Тамыз, 2025
Боччадан халықаралық турнир басталды
Астанада алғаш рет боччадан «Astana 2025 World Boccia Challenger» беделді халықаралық жарысы өтіп жатыр. Сайыс Халықаралық бочча федерациясының (BISFed) қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Турнир барысында әлемнің 12 елінен келген спортшылар бақ сынайды. Жарыстағы көрсеткіштеріне байланысты оларға 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпайлар беріледі. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалауы желбіреген іргелі сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.
Энергетика • 23 Тамыз, 2025
Энергетикалық қуатты арттыру – айрықша міндет
Энергия қуатын арттыру бүкіл әлемде түйткілді мәселеге айналып отыр. Еліміз бұл міндетті кешенді шешімдер арқылы реттеуге мүдделі. Қазіргі уақытта отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары белсенді қолға алынған. Бұл өз кезегінде тұрақты экономикалық өсімге негіз болмақ.
Үкімет • 23 Тамыз, 2025
Ұлттық сапа орталығының қызметі жүйеленеді
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автожолдың сапасын арттыру мәселесі бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғыртуға қатысты Президент қойған міндеттер ескеріліп, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспары қаралды.
Саясат • 23 Тамыз, 2025
Бекем бауырластық рухындағы қазақ-қырғыз қарым-қатынасы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды. Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған. Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне арнайы барып, қаламгердің рухына Құран бағыштады.