Саясат • 22 Тамыз, 2025
Қырғызстан депутаты: Бауырластықты білім мен мәдениет нығайтады
Қырғызстанға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дипломатиялық және экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында маңызды кездесулер өткізді.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Қазіргі қоғамда адам өзін қалай көрсеткісі келетінін ең әуелі әлеуметтік желіден байқауға болады. Бүгінде әрбір суретті жариялау, пост жазу, пікір қалдыру – барлығы да ой елегінен өтіп, есеппен жасалады. Көпшілік мұны жай ғана «заман талабына бейімделу» деп түсінеді. Алайда психологтар бұл үрдістің түбінде «нарциссизм» деген ұғым жатқанын айтады. Осы орайда біз өзімізді тым артық сүйіп, өзгелердің назарынсыз өмір сүре алмайтын деңгейге жеткен жоқпыз ба деген сұрақ туындайды.
Өнім • 22 Тамыз, 2025
Импортқа есік ашық, өзімізге тосқауыл көп, неге?
Бүгінде отандық азық-түлік өндірушілер қиын жағдайда. Себебі нарықта шетелдік өнімнің үлесі басым, бәсекелестік әділ емес, ірі сауда желілерімен жұмыс істеу қиындай түсуде. Оған қоса, бақылаусыз сырттан келетін «көлеңкелі» тауарлар отандық өндірушіге қосымша қиындық туғызуда. Бұл мәселені шешудің жолын «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары Сағынғазы Құрманалин айтып берді.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Инфрақұрылымдық жобалардың игілігі
Еуразияның кіндік тұсында орналасқан еліміздің көлік-логистика әлеуеті ауқымды. Сол әлеуетті тиімді пайдалану, инфрақұрылымдық жобаларды көршілес елдермен арадағы интеграция аясында іске асыру тұрғысынан бірқатар бастама көтерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында «Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық» екенін айтты. «Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз», деді Президент.
Форум • 22 Тамыз, 2025
Алғаусыз достықтың алтын көпірі: Еларалық жастар мәдени форумы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды. Биыл форум шығармашыл жастар арасындағы цифрлық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналды.