Шаруашылық • 22 Тамыз, 2025
Жарқайың ауданының диқандары күзгі жиын-терінді бастады. Әзірге 15 мың гектар алқаптың бидайы мен арпасы бастырылып жатыр. 13,5 мың тонна астық жиналды. Гектар берекесі 9 центнерден айналып отыр.
Еңбек • 22 Тамыз, 2025
Қай салада болсын білімді, білікті, тірлігіне тиянақты жұмысшының жолы ашық. Жастығына қарамай ересек адамдармен оңай тіл табысып, тындырымды жұмыс істесе, абыройымен қоса жалақысы да еселеп өсе береді. Электрик Мұрат Табатаев – кеше оң-солын танымаған жас болса, бүгін өз ісін жетік білетін білікті маман.
Мәселе • 22 Тамыз, 2025
«Күрішті көбейтеміз» деп Аралды құрғатып алмаймыз ба?
Жыл сайын су тапшылығын сезініп, әр көктемде Сырдарияның арнасын бағатын диқандар биыл тығырыққа тіреліп отыр. Әр маусымда күріш көлемін азайтып, егінге жаңа технология енгізіп амалдайтын егіншілер осы жылы еккенін кезекпен суарып, қашыртқы суды да қажетке жаратуға көшкен.
Жәдігер • 22 Тамыз, 2025
Жақында республикалық «Матай Бөрібай батыр» қорының бастамасымен елорда төріндегі Ұлттық музейге өткен ғасырларда қазақ даласында өрістеген ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, атақты батыр Тәнеке Дөсетұлының түпнұсқа шапаны табысталып, іс-шара аясында ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Бораш. Еңбекті сүйген ер, ауылына жанашыр, атымтай жомарт Боранбай Мұқаналиевтің ел ішіндегі екінші есімі осындай. Баршын ауылының өрісіне мыңғырған малын өргізіп, шаруашылығын шалқытып отырған еңбек ардагері – ауылының қамқоршысы.