Экономика • 19 Тамыз, 2025
Өндіріс – өңір дамуының қозғаушы күші
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамытуды тапсырған болатын. Бұл орайда Президент өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашудың маңызына тоқталды. Отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті екенін айтты.
Саясат • 19 Тамыз, 2025
Жаһандағы жайсыздықтар сыртқы идеологиялық ықпалдың әсерін күшейте түсті. Бұл әдетте жасырын түрде немесе «жұмсақ күш» (soft power) арқылы жүреді. Сондықтан әлемдегі геосаяси күрделі кезеңде елдегі ырыс-ынтымақ ыдырамас үшін бірлігімізді бекемдей түсу маңызды. Осы ретте тұрақтылықты сақтауда, қоғамдық келісімді орнықтыруда БАҚ өкілдері этносаралық сала мәселелері төңірегінде сауатты ақпарат таратуы қажет.
Жұмыс • 19 Тамыз, 2025
Жәрмеңкеде 248 жұмыс орны ұсынылды
«Ақтөбе қаласының мансап орталығы» филиалы, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты және қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жастар күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған қатысқан өңірдегі 37 мекеме мен кәсіпорын өкілі 248 жұмыс орнын ұсынды.
Әлем • 19 Тамыз, 2025
Аляскада жүздескен Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келіссөзі 3 сағатқа жетер-жетпес уақытқа созылды. Анкоридждегі әскери базада АҚШ басшысы Ресей президентін қызыл кілем төсеп, құрметпен қарсы алды. Кездесуде екі тарап Украинадағы соғыста тоқтату туралы нақты келісімге келмесе де, АҚШ-Ресей қарым-қатынасы жақсара түскендей болды.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Жастарға баспана сыйлаған бағдарлама
Қалаға жұмыс бабымен қоныс аударып, тұрақтап қалуды ойлаған жастарды ең әуелі баспана мәселесі алаңдатады. Олардың жұмысқа деген ынтасы зор болғанымен барлығының бірдей үйлі болуға қаражаты жете бермейді. Міне, осындай тұрақты жұмысы бар жастарға, жас отбасыларға 2019 жылдан бастап сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беріле бастады.